“Warwin” кітап дүкені,40 автобус

“Warwin” кітап дүкені,40 автобус
жеке
блог

      “Warwin’’ кітап дүкені. Адам лық толы.  Кітаптарды қарап келемін. 

       Ник Вуйчичтің кітабын іздеп жүрмін. Ник Вуйчич "Өмірде шектеу жоқ" деген жазу көріне қалды. Бағасын қарадым.Төрт мың жеті жүз тоқсан теңге . Ішімнен: "Степендия түссін" дедім.

       Қазақ кітаптарын аралап жүріп көзіме “Ай мен Айша”  түсе қалды. Бағасына қарасам,мың жеті жүз елу теңге деп тұр екен.

      Қырқыншы номерлі автобуста отырмын. Кітабымды оқуға ынтызар боп тұрғанымды-ай. Әдепкіде автобустағы адамдардан қысылғандай едім, сосын мұнымда еш әбестік көріп тұрған жоқпын деп  оқи бердім.  Керсінше, автобуста кітап оқып отырған адамды көрсек, ішімізден  риза болып,құрмет тұтамыз емес пе?

      13.02.22 “Warwin” кітап дүкені, 40 автобус деп басталған «Ай мен Айша»  18.02.22 баспа ісінің менеджменті сабағы, куратор апай, 310 аудитория деп аяқталды.

                                           "Ай мен Айшаның" 7 кереметі

1.Өмірден алынған.Кішкентай кейіпкер автордың өзі болса,Айша оның өз анасы.

2.Романда болып жатқан оқиғаның ішінде жүрдім.Айша жыласа менде жылаймын,қуанса менде қуанамын.Әй,осы Тасбет бәле болды ғой деп қаралай күйіп кетемін.

3.Шаруамды бітіре сала кітапқа жүгірдім.Құдды өзіне тартып тұратын магниті бар секілді.

4.Романдағы суреттеулер әдемі.Кейбір шығармалар шұбалаңқы суреттеулерден көз ашпайды.Мезі боласың, не оқып жатқанынды ұмытып қаласың.

5.Тоңазтқышты ашамын. Не жесем екен деп ойланып тұрмын. Кенет ойыма ішегі бұратылып,  ұйқтай алмай тыпыршып жатқан, түннің тас қараңғысында, қара суықта үйрек ұстап жемекші болып,суға құлап кеткен Барсхан,биылғы қыстың қалай боларын кім білер деп арпаның бір түйір тұқылына дейін теріп жатқан  Барсхан,он жастағы Барсхан  есіме түсті.Ұялып кеттім.Таңдап жейтін,таңдап киетін біздерде арман жоқ екен .

6.1932 жыл.Аштық.1940 жыл.Совет өмірі көз алдымнан өте шықты.

7.Кітап өміріме шүкірлік еткізді.Мына заманға келте туған біздер бақытты екенміз!