Мұхамеджан Сералин - редактор

Мұхамеджан Сералин - редактор
жеке
блог

 Мұхамеджан Сералин қазақ халқының журналистік саласының негізінің қалануына айтарлық үлес қосқан тұлғасы. Ол қоғамда болып жатқан оқиғаларға өзінің көзқарасын жеткізу арқылы халқының жанашыр ұлы болған қоғам қайраткері. Жастық шағында балаларды қазақ тілі және орыс тілі бойынша білім алуға баулып, мұғалімдік қызметін атқарған.

 Жас кезінде Троицк қаласында зауытта жұмыс жасап жүріп, қала кітапханасындағы барлық әдеби кітаптарды сүйіп оқуға құмартады. Кітап оқу арқылы өзінің өлең жазуға деген талантын байқап, шығармашылық саласына көңіл бөле бастайды. Оның сол жылдардағы жазған, халықтың жүрегінен ерекше орын алған “Топжарған” және “Гүлқашима” деп аталатын ұлы поэмалары адамның адамгершілік құндылықтарын төмендететін қоғамдағы зиянды дәстүрлерді сынға алады.

  Ол “Айқап” журналын басып шығару үшін патша әкімшілігінің көптеген мекемелеріне барып, табалдырығын тоздырған. Сол қайтпас қайсар мінезділігінің арқасында қалағанына қол жеткізіп,оның өтінішіне үкімет рұқсат берген. Журналистика саласында ешқандай білімі болмасада, осы журналды шығаруға белсене кіріседі. Журналының қазақ даласында өрістеп таралуынаәрекет ету үшін, корреспонденттерді, мықты жазушы ақындарды, белгілі шығармалар авторларын қарамағына тарта бастайды. Қазақтың ұлт зиялылары болып танылған Сәкен Сейфуллин, Спандияр Көбеев, Сәбит Дүнентаев,   Бейімбет Майлин, Молдағали Жолдыбаев және т.б өкілдеріжурнал басылымдарында белсенділік танытқан.

    Мұхамеджан Сералиннің журналы өз кезеңіндегі басқа білімі бар журналистердің  атақты туындыларынан басып озған. Оның айта кететін тағы бір ауқымды еңбегі, қазақ еліне ең алғаш қазақ журналын дүниеге әкелген ұлы тұлғасыболып табылады. Сол себепті, Мұхамеджан Сералинді қазақ журналистикасының әкесі деп театайды. Яғни, қазақ басылымының негізін қалап, журналистика тарихында үлкен із қалдырған. Ол қазақ елінің артта қалған өмір-салтына күйініп, қазақ басылымдарын шығару арқылы  елінің ұлттық намысын ояту, ағарту саласын дамытқысы келген. Өзінің журнал басылымдарында 40-тан астам публицистикалық мақалалар шығарып,  қазақ ұлт зиялыларының өмір жолын жалғастырған. Айқап журналы сол заманда қазақ елінің басты үні, дауысы, қазақ даласына ұлттық рух беретін негізгі басылымы болған.

  Мұхамеджан Сералин қазақ көшпелі өмір салтының әлі де жалғасып келе жатқандығына күйініп, халықты өмір салтын өзгертуге, ғылым-білім саласы арқылы ұлт намысын оятуға барынша күш салған.

  Сонымен қатар, ол “Ұшқын” газетінің редакциясында жұмыс жасап , Қостанайдағы “Ауыл” газетінің редакторы қызметін атқарған. Қазіргі таңда шығып жүрген мемлекеттік басылым “Егемен Қазақстан” газетінің негізін қалаушыларының бірі болып табылады.

  Ол қазақ халқының рухани дамуы үшін бар күш-қайратын сарқылта жұмсап, қазақ басылымдары арқылы елдің саяси жағдайы, мәдениеті, тарихы, әдебиеті туралы маңызды тақырыптар қозғап, ұлт санасын оятқан.  Ол барлық жұмысшылардың тағдырын ойлаған.  Халықты тек оқуға, білім алуға итермелеп, сауаттылығын ашуға бар күшін салған. Өзінің мақалаларында халықтың негізгі мәселелері: жер бөлу, көшпелі отырықшылықты басу, мектептерді ашу арқылы білім саласын дамыту, әйелдерді азат етуге маңызды  көңіл бөлген. Қоғамда орын алып жатқан теңсіздік, әр түрлі мәселенің шешімдерін экономикалық өсу арқылы жетуге болады деп ойын жеткізген. Ол мектепте сабақ беріп жүрген кезде ақ, мектеп кітапханасын ұйымдастырып, Мәскеу, Қазан, Орынбор қалаларында шығарылатын кітап-журналдарымен кітапхана қорын толтырған.Байлар мен шенеуніктерді мектеп құрылысына ақша бөлуге және қолдау көрсетуге шақырған. 

 Мұхамеджан Сералин ұлтының қамын ойлаған, халқына адал болған, нағыз ұлтжанды қоғам қайраткері. Себебі, халықтың ойы мен санасын оятатын, ұлттық рухын дамытатын атақты қазақ басылымын дүниеге әкелген. Оның осындай ерен еңбегі жас ұрпаққа үлкен өнеге-үлгі болуы керек.