Қазіргі қыздар қандай?

Қазіргі қыздар қандай?
жеке
блог

Ауылдағы Сәбит досым бірде соткама қоңырау соқты.

– Сәлем. Тағы бір қызбен таныстым, – деді ол қуанғандай. Сөйтсем, ұйғырдың қызы екен…
– Онда тұрған не бар екен? Ол да мұсылман ғой, – дедім қиыс сөйлейтін әдетіме басып. – Үйленейін деп пе едің?
– Енді… – деді күмілжіп. – Жасымыз да келіп қалды дегендей… Бірақ мен танысқан қыздардың көбісі мойнымда 500 мың теңге кредитімнің бар екенін білсе, «тұра қашады». «Пәтерің бар ма, мәшинең қандай маркілі?» деген сарындағы сұрақтарды қарша боратады. Әй, осы маған қаладан қалыңдық бұйырмайды-ау, ауылдың бір қызына үйленетін шығармын…
– Саспа, – дедім оған. – Саған қарамаған сол қыздардың әлі-ақ өздері жүгіреді соңыңнан…
– Иә, – деді ол бейне тап солай болардай-ақ көңілденіп.
…Кейде теледидар көріп немесе газет-журналдарды ақтарып отырып, танымал кісілердің жұбайымен қалай танысқандары туралы деректерді арагідік кездестіріп қалатынымыз бар. Сондайда таңғаласың. Еріксіз. Танысқан сәттері құдды кинодағыдай. Романтикаға толы…
Ал бүгінгі күннің жастары жігіт не қызбен танысу үшін интернет, түнгі клуб, дәмханаларды төңіректейді. Әсіресе, қыздар жағы жігітті қымбат мейрамханадан кездестірсе, онда оның қалталы екеніне шүбә келтірмеуі мүмкін. Әрине, көлігінің бар-жоғын да тексеріп алуды ұмытпас, сірә. Өзінен тікелей сұрамағанымен, екеуі мейрамханадан бірге шыққанда, самсаған мәшиненің ішінен «қайсысы болды екен?» деп ойлауы да ғажап емес…
Бойжеткендердің бәрін бірдей жігіт іздеп шарқ ұрады демейміз, әрине. Жоғарыда айтқанымыздай, араларында «правильныйлары» да ұшырасады. Дегенмен, көбісінің әлгіндей қадамға баратыны шындық. Оны мойындау керек қыздар!