Тепсе темір үзетін жігіттер неге базарда арба сүйреп жүр?

Тепсе темір үзетін жігіттер неге базарда арба сүйреп жүр?
жеке
блог

Қол аяқтары балғадай тепсе темір үзетін жігіттер базарларда жалдамалы қара жұмыс істейді.Неге олай?Тұрақты жұмыс атқаруға шамалары  жетпейді дейін десең араларында оқыған-тоқыған азаматтарда жүреді.Олардан неге арба сүйреп,қара жұмысқа салынып,күндік жұмыс жасап жүргенін сұрасаң айтатын сылтаулары бір қазықтан айналып шықпайды. «Жұмыс табылмайды», «Тұрақты жұмысқа байланып отырғым келмейді,өз еркіммен жұмыс жасаймын» тіпті кейбіреулері «Жұмысқа орналасайын десем жоғарыда көкем жоқ»-дейді.

Қазір таныссыз,ақшасыз жұмысқа кіру мүмкін емес дейміз.Жақсы жұмысқа кірген адамды,жақсы оқуға түскен студентті таныспен түсті,ақша берді деп еңбегін,білімін жоққа шығарамыз.Ақша басты рөл ойнайтын заман екені рас әрине,дегенмен  бұл өз адал еңбегімен нәпәқасын тауып жатқан адамдардың жоқ екенін білдірмейді.Егер шынымен тұрақты жұмыс істегісі,жақсы өмір сүргісі келер болса аға-көкесіз ақ жақсы жұмысқа тұруға болады.Оқыған,білімді азаматтарымыз базарда арба сүйреудің орнына кішкене болсын алдыға қадам басар болса жалақысы жоғары,тұрақты жұмысқа тұрып алар еді.Біреудің қол астында істегісі келмесе,еркін болғысы келсе неге өзінің шағын болсын бизнесін бастамасқа,неге жаңа жобаларды жүзеге асырмасқа.Бастапқыда қиын болатыны анық.Біраз қиналсаң кейін жемісін жейсің.Мен арба сүйреп,базарда жұмыс жасауды оңай деп тұрған жоқпын,жұмыстың оңайы жоқ.Бірақ,нәтежие беретін,тек қазір емес кейінде сізге табыс әкелетін жұмыспен айналысқан өзіңізге жақсы емес пе?!

  Енді тұрақты жұмыс табылмайды дейтіндерге айтарым,шын іздеген адамға табылмайтын нәрсе жоқ.Тек жай ғана кішкене күш салып,алдыға ұмтылу керек. Жұмыс табылмайды деп іздемеген адам,жұмыс жасағысы келмейтін адам айтады.Жұмыс табылмайды деген жәй ғана сылтау,жұмыс істегісі келмейтін адамның сылтауы.Яғни,ол адамды өз болашағы алаңдатпайды деген сөз.

    Базарда арба сүйреп жүрудің тағы бір себебі оқымағандық,болмаса өз қалаған мамандығында оқымау болуы мүмкін.Оқымаған адам ешқандай жерде жұмыс жасай алмайды,сатушы болу үшінде есепті жақсы білуің керек.Ал,жүрегі қаламаған мамандықты оқығандар арасында жұмысын атқара алмай,күн көрістің қамы үшін,тірі адамның тіршілігін жасау үшін амалсыздан арба сүйрейтіндер жоқ емес.

   Өзімізге беріліп тұрған мүмкіндіктерді бағалай білмейміз.Алға ұмтылудың орнына кері  кетіп барамыз.Елдің болашағы болады деп сеніп отырған жастарымыз ел үшін еңбек етудің орнына  бір адамның күн көрісіне де жетпейтін қара жұмыс істеп,арба сүйреп жүр.Заманнан ба,адамнан ба?!