Сандуғаш СҰЛТАНҚЫЗЫ

Сандуғаш СҰЛТАНҚЫЗЫ
жеке
блог

 

...Түсімдегі ғашығым...

Күн аспанда, мен жердегі ғашықпын,

Шуақ құрбым мұнша қайда асықтың ?

Сылаңдаған, сылқым бейнең еркелеп,

Сағынышымды тасыттың-ау, тасыттың.

 

Сен енерсің құшағына шыңдардың,

Бір күн емес армансыз-ау мың бардың.

Қыдықтама қызғаныштың қызығы,

Қаймағына айналуда мұңдардың.

 

Тағы да түн, тағат таппай көз ілген,

Күтем әркез үміт гүлін өзіңнен.

Жұлдыз келіп жымыңдасқан іспетті,

Түсімдесің таңмен бірге үзілген.

 

Оятпаңдар, оятпағын жалынам,

Мейлі жылдар, ғасыр өтсін бағынам.

Өңімде жоқ сүйгенімнің бейнесі,

Үзілмесін, сағынам ғой, сағынам...