Азық-түлік бағасы қымбаттауда

Азық-түлік бағасы қымбаттауда
жеке
блог

Азық-түлік бағасы жайлы дереккөздерді саралайтын болсақ, тақырыбы бір ғана – азық-түлік тағы қымбаттады, себебі неде деп жатамыз. Он жыл бұрын да сол, жарты жыл бұрын да сол. Әр кезде қалыптасқан жағдайға байланысты әртүрлі жауаптар беріліп жатады. Жалпы экономикалық цикл теориясы тұрғысынан келер болсақ, уақыт динамикасында бұл заңды құбылыс. Табиғи инфляция әр уақытта болады, тек оның көрсеткіштері жылына алты пайыздан аспаса, тиімді деп қарастырылады. 2020 жылда (2020 жылғы желтоқсан 2019 жылғы желтоқсанға) баға азық-түлік тауарларына – 11,3%, азық-түлік емес тауарларына – 5,5%,ақылы қызметтерге 4,2% жоғарылады.
Осы жылда (2021 жылғы қараша 2020 жылғы қарашаға) баға азық-түлік тауарларына – 10,9%, азық-түлік емес тауарларына – 8,3%, ақылы қызметтерге 6% жоғарылады.

Қазақстанда азық-түлік тұтыну қоржынының 39,1 пайызын құрайды. Азық-түлік емес тауарлар – 29,6%, ақылы қызметтер 31,3% құрады.

Көріп отырғанымыздай, инфляция деңгейі 10 пайыздан асып, қауіпті деңгейде болып тұр, яғни мемлекет шара қолданбаса, халық жағдайы күрт төмендеп кетуі мүмкін. Сол себептен, біздің елде бағаны тұрақтандыру үшін мемлекет тарапынан арнайы шаралар қабылданып, Үкімет бақылауына алған. Мәселен, осы мәселені шешу үшін арнайы құрылған тұрақтандыру қорлары бар. Яғни, Үкімет бағаның негізсіз өсуіне және алыпсатарлыққа жол бермеуге және маусымдық ауытқуды деңгейлестіруге бағытталған азық-түлік нарығын реттеу бойынша шаралар қабылдаған.

Себебі бағаның ең көп өсуі жыл сайын маусымаралық тауарларға келеді, яғни өңірлерде көкөніс және картопты бағаның төмендеуі және жиын-терім (жаз-күз) кезеңінде алып қалу қажет. Алайда, аталған тәжірибені кейбір әкімдіктер орындамайды. Көкөніс бойынша тұрақтандыру қорларын пайдалану маусымаралықтан бастап (желтоқсан-наурыз) бағаның барынша өсуін күтпей, барлық көрсетілген кезеңге тең бөлу арқылы жүзеге асырылуы қажет.

Сонымен бірге, әртүрлі азық-түлік түрлеріне де инфляция деңгейі біркелкі емес. Өткен жылда бағаның өсуі құмшекерге – 33,9%, күнбағыс майына – 33,7%, жармаларға – 28,7%, жұмыртқаға – 20%, картопқа – 16,8%, ұнға – 16,3% болды. Сонымен қатар жаңа жиналған көкөністерге, жемістерге, макарон өнімдеріне, сары майға, қой етіне, жылқы етіне де инфляция деңгейі 10 пайыздан асып тұр. Яғни, халықтың негізгі тұтынатын түрлері айтарлықтай қымбат болып отыр. Биыл жазда құрғақшылық болып, өнім аз жиналғаны да жағдайды шиеленестіріп тұр. Азық-түліктің басым бөлігін экспорттайтын Маңғыстау облысында 2 мың тонна, Алматы қаласында 12 мың тонна қор жинақталғанын мәлімдеді жергілікті әкімдіктер. Өңірлерде жергілікті атқару органдары жинап қоюы тиіс қорлары әлі нарыққа шығарылмағаны айтылуда. Осындай шараларды қолдану арқылы инфляция деңгейін реттеп, халықты күйзеліске ұшыратпаймыз деп құзіретті органдар уәде беріп жатыр.