5:32

5:32
жеке
блог

5:32
Елімізде кісі өлтірушілер туралы веб-сериал жарыққа шықты. 5:32 деп аталатын бұл туынды 90-жылдардағы қатарынан орын алып отырған жанкешті қылмыстар жөнінде түсірілген.  Өткен ғасырдың 90-жылдарының соңында КСРО елдерінде тараған маньяктар мен адам жегіштер туралы әңгіме халықтың үрейін ұшырып, зәре-құтын қашырған.Қазақстан халқына қорқыныш сезім ұялатқан жауыздардың бірі Ұзынағаштан шыққан адам жегіш еді.Николай Жұмағалиев тек Қазақстан емес, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей халқын ондаған жылдар бойы қорқытып келген болатын.1979 жылы ұзынағаштық адам жегіш тағы бес адамды өлтірген. Ал 1980 жылы ол дос қызын өз үйінде бөлшектеп тастапты. Артынша Николай "шизофрения" диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Кейіннен жындыханаға жіберілген азамат көліктен қашып кетіпті. Алайда араға екі жыл салып ол құқық қорғаушыларға өзі берілген екен. Қазір Николай Жұмағалиев Қазақстандағы психиатриялық ауруханада жатыр. 2014 жылы оның 10-шы құрбаны анықталған.Халықтың үрейін ұшырған адам жегіштердің қатарында Сергей Копай, Евгений Турочкин және Михаил Вершининнен құралған "Санитарлар бандасы" да бар. Копай сыбайластарымен жындыханаға жұмысқа кіргенде танысқан. 90-жылдардың соңында олар Алматыда адамдарды өлтіріп, артынша олардың еттерін жеген. Бұл үштіктің құрбандары жеңіл жүрісті қыздар болған. Олар бойжеткендерге есірткі беріп, оларды зорлаған. Артынша денелерін бөлшектеп, жеп отырған. Қылмыскерлер олардың еттерінен тұшпара жасап, қалған қалдықтарды қоқыс жәшігіне тастап жүріпті.Бірде адам жегіштердің пәтерінен қашып шыққан қыз полицияға мән-жайды айтып берген. Осылайша, үш қылмыскер ұсталыпты. Тексеріс нәтижесінде олардың жеті қызды өлтіргені анықталған. Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сергей Копай түрмеде ауырып, көз жұмса, қалған екеуі "Қара бүркіт" калониясында жазасын өтеп жатыр. 2009 жылы Ақтөбе облысында "Шалқар төрттігінің" аты шыға бастады. Бұл өңірде бірден үш қыз жоғалып кетіп, артынша олардың төрт азаматтың қолынан қаза тапқаны анықталған. Олар көл жағасында демалып жатқанда өз таныстарының басын бөтелкемен жарып, артынан тұншықтырып тастапты. Арада аз уақыт өткен соң дәл осы көл жағасында екінші қыздың басын жарып жіберген екен. Ал үшінші бойжеткенді көліктің кілтімен ұрып өлтіріпті. Екі азамат-Сағдат Қоразбеков пен Жасұлан Мамытов өмір бойына бас бостандығынан айырылса, тағы екі ағайынды (Ерлан және Нұрлан Мамытов) 23 және 25 жылға түрмеге жабылған.Сериал көрермендерін шынайы өмірде болғандығымен қорқытып отыр. Себебі, ондағы оқиғалар көрген адамның психологиясына едәуір соққы тигізіп жібереді. Қыз зорлап, оны аяусыздықпен өлтіру, одан әрі бере адамның етінен биляши йжасап сатылымға шығарған және тағы да басқа қылмыстар желісі веб-сериалда анық көрсетілген.
Сериалдың атауының 5:32 болуында да өзіндік үлкен себеп жатыр.Туындының атуаын түсірілім басшылары діни бағытпен де ұштастыруға тырысқан. Яғни 5 сүренің 32 аятымен байланыстырған. Онда «Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен және кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең деп жаздық. Расында оларға елшілеріміз ашық дәлелдермен келді. Бірақ содан кейін де олардың көбірегі жер жүзінде шектен шығушылар болды» делінген.Бұд дегеніміз қылмыстың жазасы заң жағынан да, дін жағынан да құпталмайтын ең сорақы іс дегендігінің анық көрінісі.
Түсірілім деңгейі мен әртістердің шеберлігі жоғары деңгейде көрсетілген. Сериалды бір деммен қарап, артынан ұзақ уақыт ойланып қалуға болады. Отандық өніміміздің осылай жоғары деңгейге көтеріліп, бір сарынды кинотуындылардан жанрының өзгешеденуі қуантарлық жағдай. Кино идеясын бұрынғы архивтарды ақтарып шығарған болатын.
The Rocket Stories командасы және режиссер Алишер Утевтің біріккен бұл жұмысы сәтті шықты деп айтуға болады. Сондай-ақ, веб-сериалдағы визуалды әдемі деп атап айтуға болады. Түрлі бөлшектер мен кадрлар, әрбір ұсақ-түйегіне дейін үйлесімділікпен ұтымды шыққан. Сценарий мен біріккен режисерлік жұмыс көрермендерге сапалы өнімді осылай ұсынып отыр. Қазіргі таңда туынды ютуб әлеуметтік желісінде көрерменге жолданды. Әлі түсірілімі аяқталмаса да, рейтингі топ-10-нан түспей тұр. Бұл дегеніміз, жоба сәтті шығып, өз көрерменін тапқаны. Отандық туындылардың бұдан әрі дамып, қазақ кино алаңында жаңа бейнелер мен сапалы туындылар осылай көбейе берсе нұр үстіне нұр болар еді.