Insolight күн панелі

Insolight күн панелі
жеке
блог

Швейцариялық МТИ және Масдар ғалымдар тобы шығарған жаңа күн панельдерінің КПД-сын 29%-ға жеткізген. Бұл нәтижеге көптеген инженерлер тек зертханада ғана қол жеткізгенімен, қолданыста ала алмай отырғанын білеміз. Бұл шығарған жаңа Insolight күн панелдері нарықтағы күн панелдерімен салыстырғанда КПД-сы 10%-ға жоғарылатқан.Швейцария елінің Лозанна қаласындағы политехникалық мектебінің қолдауымен инженерлер бұл фотоэлектрлік күн панелін зерттеуге екі жылдан астам уақыт жұмыс жасаған. Зертханда алған КПД нәтижесі 36,4%-ды құраған.

Бұл нәтижеге жету үшін ғалымдар күн сәлесінің бақылап,күн энергиясын жинауды оңтайландырған. Жобаның ерекшелігі жасаушаға ұқсас сопақша және 6 жақ беттен тұрады.Бұл күн сәулесін бір нүктеге әр бағыттан линза арқылы шоғырландыруға арналған жаңа күн модулі болып табылады. Артықшылығы күннің түсу көлбеуіне және бағытына байланысты қабылдауға икемді болып келетінін айтады.

Жалпы бұл панельдер шығынын айта кетсек,панельдің көріп тұрғанымыздай қолданылатын материалдары қазіргі күн панельдерімен салыстырғанда қаржылық тиімсіздікке әкеліп тұр. Қарапайым күн панельдерінің өзін ақтау құны он бес жиырма жылды құраса,бұл панельдер өз шығынын қарапайым жеке үйлерді энергиямен қамтамасыз етуде отыз қырық жылда ақтайды десек қызмет ету мерзімінен асып кетеміз. Бұл панельдер тек КПДсы жоғары болу себебінен ғарыштық техникаға,спутниктерге қолдануды көздеп отыр. Бірақ компания алдағы уақыттарда бұл панельдің бағасын оңтайландырып, нарықта қол жетімді етуге мақсат қойып отыр.