Cайлау

Cайлау
жеке
блог

Жексенбі. Күн салқын. Қатты жел соғып тұр.

Интернеттен сайлау туралы материалдарды оқып, біздің облыс сағат 11-де дауыс берушілер саны бойынша алда келе жатыр екен! Алматы мен Астана – ең соңғы орында...

Мен де қалмайын деп, сайлау учаскесіне бардым. Көшеде бұрынғыдай мейрамның иісі сезілмейді. Тек сайлау учаскесіне жақындағанда Роза Рымбаева «Наурыз, Наурыз» деп ән шырқап жатыр екен.

Адам жоқ! Жалғыз біз жүрген )

Тізім бойынша аттарымызды таптық.

Тізімге қарап, дауыс берушілер бойынша қалай алда келе жатқанымызды түсінбедім... Мүмкін басқа учаскелерде халық көп жиналған шығар деп пайымдадық.

Бюллетеньдерді қолымызға алып, өз таңдауымды жасағанмын. Алайда, мен дауыс берген партия экзит-полл нәтижесі бойынша екі пайыз да жинамаған екен...

Мені таң қалдырған мәселе – бюллетеньдерді шимай-шимай қылып (Руханиятты қолмен сызып тастаған) берілгені. Дауысым есептеле ме екен деп ойланып қалдым, себебі сайлау алдында «бюллетеньдерді ұқыпты толтырыңдар, шимайланғандар есепке алынбайды» дегендей әңгімелер айтылды ғой.

Сайлау – жақсы өзгерістер алып келеді деген үміттемін!

 

фейбуктен табылған фото: