Арбатта “Суицидсіз келешек” көрмесі өтті.

Арбатта “Суицидсіз келешек” көрмесі өтті.
жеке
блог

2021 жылы 17 қарашада «Өмір – басты құндылық» жобасы аясында Алматы қалалық «Jas Otan» Жастар қанаты қолдауы мен Қазақстан Жастар Фракциясының ұйымдастыруымен  “Суицидсіз келешек” көрмесі өтті.

Іс - шараның мақсаты - жастарды мәдениетке, шығармашылық белсенділікке баулу, жеке тұлғаның өзін-өзі танытуына жағдай жасау, сонымен қатар жасөспірімдердің әлеуметтену деңгейін арттыру, оларға ерекше көңіл бөлу арқылы жастар арасын суициттің алдын алу.

Аталмыш іс – шара ашық аспан астында, Жібек Жолы бойындағы жастар алаңында (Арбат) өтті. Бір топ белсенділер барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра, адам жиі жүретін орындарға барып, алдын алу жұмысын жүргізді. Қала тұрғындарына суицид мәселесі, өз-өзіне қол жұмсау салдары туралы айтылды. Іс-шара барысында тақырыптық буклеттер, жапсырмалар, сондай-ақ байланыс нөмірлері көрсетілген жадынамалар мен плакаттарды таратып, Қазақстанның өзге де өңірлеріне челлендж жолдады.

Бұл көрмеге қаламыздың ЖОО-ның (Жүргенов атындағы өнер академиясы, АҰПУ, ЖМК, РЖМК және т.б.) студенттері қатысып, өздерінің шығармаларын ұсынған болатын.