жеке
блог

Қыздың мінезі - қанынан...

   Егер қыздың қаны I группаға I) жататын болса, ол - әйел затының өте темпераментті өкілі. Оның асау мінезін "ауыздықтау" үшін құдай қосқан қосағына көп күш салуға тура келеді. Егер еркек психологиялық жағынан оған төтеп бере алатындай күшті болмаса, онда бәрінен айырылады. Тіпті қалған өміріңде әйел затына деген еркектік қызығушылықты да мүлде жоғалтатын көрінеді. Бұл топтағы әйелдер бәрін басыбүтін меншіктеп алғанды қалайды және қызғаныш туғызатын болса, еріне үлкен қауіп төндіреді.

    Қаны II группадағылар II) нағыз қамқоршы, нәзік, қатты сүйіп берілетін, бірақ өте ұялшақ келеді. "Суйем" деген сөзді ешқашан айтпайды. Кейде ол ешкімге сенбейтін секемшіл болады. Алайда жігіт жағы бұл қызға тура сондай сүйіспеншілік танытса, әлемдегі ең сенімді әйелге ғана ие болмайды, нағыз бриллиантты қолына түсіреді! Мұндай қыздар өзін де, өзгені де бақытты ете алады екен.

   Ал енді III группадағылардың кейбіреулері өздері туралы ғалымдардың зерттеу қорытындыларын мүлде жоққа шығаруы мүмкін.(A III) группасындағы қыздар, негізінен, алай-дүлей мінезді, жеңіл жүріске жақын болып келеді екен. Неге олай дейсіз ғой? Өйткені олар, психологтардың зерттеулерінше, жігітпен әңгімелескен кезде үнемі өзін әлемдегі ең әдемі қыз екендігін дәлелдеп әлек болады. Шын мәнінде, бұлар жарына өте адал адамдар. Махаббатқа келгенде басшылықты көбіне өз қолына алады.

   Тамырларындағы қаны төртінші группаға жататын қыздар өзінің бағасын біледі. Еркектерге қоятын талабы қатал. Бұл топтардағы қыздардан өте әдемі де ақылды әйелдер шығады.

 

Дайындаған: Жәлиева Айнұр

Сурет: agu.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі