Қазақ тілінің контенті кеңеюде

Қазақ тілінің контенті кеңеюде
жеке
блог

Елімізде осы күнге дейін көптің көзіне «қызтекелер» саналып келе жатқан Ninety one тобының қазақ тілі үшін жасап жатқан істері негізінен, ескерілмей я көбіне айқын болмай жатыр.«Мағынасыз, мәнсіз мәтіндерді әнге арқау етеді» дейтін жұрттың басым бөлігі, шындығына келгенде 91-тобының бір әндік мәтінін алып, оқып, зерттемеген. Өз кезегінде саясат, экология, этика тұрғысынан әңгіме қозғайтын бірнеше қазақша үнжинақтар жарық көрген. Мысалы үшін, "Bari biled"-антропогендік іс-әрекеттің ғаламға зиянын ашып көрсетеді, "Taboo"-Ирина Кайратовна тобымен фит түрінде жазылған саясат, шенеунік, сонымен қатар шоу-бизнеске негізделген тақырып,"Why'm","Lie", " Shyda"-мотивация. Одан бөлек Ninety one тобының рэпері Zaq-тың жеке туындыларын ескерген жөн. Мәтіннің әр сөйлеміндегі сөздерге аса мән беретін Дулат (Zaq) қазақы сөздерді мәтел іспетті жүйеге келтіріп, астарлы-логикалы негізде жазып, ұсынады. Аса терең ойды қамтитын мәтіндердің иесі-Дулат Мұхаммедқалиев 2018 жылы «Жас Отан» партиясында депутаттыққа сайланған еді. Негізгі мақсаты, жастар үнін өзі арқылы жеткізу және қазақ тілінің аудиториясын кеңейту еді.
Сырға тағып, шаш бояу біздің менталитет пен дінімізге қарама-қайшы, дегенмен, өнерді өнер тұрғысынан бағалай білген жөн. Оңтүстік Кореялық шоу-бағдарламаға қатысып, көптің ықыласына бөленіп, вокаллық жағынан мойындалған бұл топтың елімізде қолдау табуы күрделірек.
Жалпы, Ninety one тобының бейнеклип, ән, стильдеріне қызыққан шетелдіктер көп. Ең кереметі, олар осы топтың әндері арқылы қазақ тіліне қызығушылықпен қарай бастаған. Тіпті, үйреніп, қазіргі таңда Cover жазатындары қаншама.
Давид Валера: "Америкада Қазақстанды аса біле бермейді.Енді сол үшін біздің қазіргі мақсатымыз Ninetyone арқылы Қазақстанды, олардың мәдениетін және потенциалын АҚШ-қа көрсету. 3 жылдық контрактқа отырады. Біріншіден, әр әртістің мақсаты «Grammy»,екіншіден елдің оларды қалай қабылдағанында. Олар Қазақстанды шетелге танытып, мәдениеттерін халыққа ұсынады. Және ең негізгі жаңалық, жақында шығатын ән қазақ тіліндегі соңғы ән болмақ.". Айта кетейік, 91 тобы жақында АҚШ-қа кетіп, Қазақстан үшін енді үлкен жеңіске ұмытлмақ. Давидтің айтуы бойынша, қазірдің өзінде радиостанциялардан хабарласып, топты сұхбатқа шықыртып жатыр. Сонымен қатар, азиаттарға деген көзқарас артып, 91 тобының клнцерттерінен үзінді көрген тұрғындар, енді оларды асыға күтуде.
Олардың қазіргі мақсаты, қазақ тілі мен мәдениетін барынша дәріптеу және тарату. 91 тобы мен Димаш Құдайбергеннің ән саласындағы елеулі қызметі-қазақ тіліндегі контентте. Себебі, қазақ тіліне деген қызығушылық бөлек, ал оны үйрену, шын мәнінде қуантарлық жағдай. Жазатын және қалып қойған мәлімет өте көп, бұл тек құлақхабардар ретіндегі мағлұмат.«Құлақтарыңызға алтын сырға».