ҚОЛӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ СЕМИНАР

ҚОЛӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ СЕМИНАР
жеке
блог

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетітің қолдауымен «Қазақстан жастарының конвенті» жеке қоры Нұр-Сұлтан қаласында «Қолөнер саласындағы кең ауқымды еңбек дағдыларын үйретуге бағытталған Қазақстан әйелдеріне арналған онлайн форматтағы семинары» өтті.

Жоба мақсаты - қолөнер саласындағы кең ауқымды еңбек дағдыларын үйрету арқылы Қазақстандағы әйелдердің экономикалық және кәсіби мәртебесін көтеру.

Жоба шеңберінде қолөнершілердің тұрақты еңбек дағдыларын алуы, кәсіпқойлықты арттыру, көшбасшы әйелдерді анықтау және даярлау, іскерлік байланыстарды кеңейтуге жәрдемдесу, дайындалған қолөнер бұйымдарын жергілікті және халықаралық нарықтарға одан әрі ілгерілету мақсатында халықтық қолөнер түрлері бойынша кәсіпқой шеберлердің әйелдерді онлайн оқытуды төмендегі талаптарға сай ұйымдастыру көзделеді. Семинар онлайн форматта 4 күн, яғни 27-30 қазан аралығында сағат 18:00 ден 21:30 дейінгі аралықта өтті.

Семинар сабақтарда дайындалатын қолөнер бұйымдарының бөлшектерінің түрлері және жасау техникалырының әдістері кеңінен түсінтіріп толықтай ақпараттар беріледі. Атап айтқанда: «шым ши», «кептіру», «жұмсақ кескіндеме», «пластикалық құрақ» техникалары арқылы бұйым жасау. Олардың арасында кәдесый сыйлықтарға, мойынға тағатын алқалар, әдемі танамоншақ, сәнді түйреуіш,  жұмсақ кескіндемеден картиналар, заманауи трендтертерден шоппер және эко сөмкелер жасауды толықтай меңгерді.

Жалпы онлайн семинарға Республикамыздың 14 өңірінен 150-нен астам көп балалы аналар, жұмыссыз әйелдер, іскер әйелдер, суретші-дизайнер, дизайнер, сәндік-қолданбалы өнертанушы және қолөнершілер қатысты.

Жобаны іске асыруға Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, қолөнер, қолданбалы өнер шебері - Канибекова Алия Абубакировна, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, суретші-дизайнер - Татибаева Гулмарал Амангельдиевна, Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі, дизайнер – Лигай Наталья Владимировна, Сәндік-қолданбалы өнер маманы, өнертанушы - Баженова Наталия Александровна және де суретші-динайнерлер мен өнертанушы, қолөнершілер жобаны кеңінен жүзеге асырды.  Сенимар соныңда барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.