Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / "Три метра над уровнем неба". Кино қиялдан тумайды...

"Три метра над уровнем неба". Кино қиялдан тумайды...

Қалт етсек блог жазуға мәстірміз ғой. Соңғы көрген фильм туралы баяндайын. Көзқарас пен пікірлер әралуан болуы да мүмкін. Кеше... Өтірік айтамын, алдыңғы күні «Три метра над уровнем неба: Я тебя хочу» атты атақты лирикасын көруге құдай жазыпты. Режиссері Фернандо Гонзалез Молина. Испан халқы бұрын сериал түсіруші еді. Мына дүниесі де соған жақындау. Ұят-пұятыңды жи да, попкорныңды шайнай бер.

 

Көңіл толмаған тұстарды осылай ғана айта кеттік. Әрмен қарай, сүліктей боп жабысқан тіршілік тауқыметі көңілдегі сезім мен жүректегі махаббатты арбап-ақ бітті. Қайда барсаң да өлім, айырылысу, ұрысу деген пендешілік фильм барысында жүйкеңді жейді-ай. Рас қой, өмірде онсыз болмайды. Десек те, махаббат мәнсіз, көңіл құнсыз бола бастаған шақта өз-өзіңді бір серпілтіп алатын дүние. Басты кейіпкер – Ачи. Қыздың аты Баби. Бәлелі Баби. Алғашқы бөлімінде бұл қыз талғамды қойып, қалтаны қуып кеткен. Жо-жоқ, Бәлелі Баби сүймеді емес, сүюдей-ақ сүйіп бақты. Қайдам, сценаристің өз алдына қойған проблемасы да шығар. Өмірде мұндай жағдай болады да тұрады. Қыз деген сондай, қыз деген мұндай... Тіпті М.Мағауиннің «Әйел махаббатында»... иә, түсіндің. Қыздың кінәсі андағайлап көрінді. Содан... Ачидің өмірінде анасының ауырып, соңында қайтыс болуы, досының әруағын есіне түсіруі, қыздан тірі күйінде айырылуы оған соққы бергенін жасырмаймыз. Ол өзінше бір сілкініп алайын дегендей Джин (өтірік аты) деген қызға жолығады.

Бітті Бәтима десеңіз қателесесіз. Махаббаттың мәңгілік алауын жағып үлгерген әлгі ЕКЕУ есі кетіп еміреніп жүргенде байо-о-оғы бір «бақытсыз Жамалымыз» шашын жайып тұрып, жылайды ғой. Бұ қыздың бұлданбауы тегін емес пе дегендей асыл махаббатына балап, онымен де қайта тіл табысады біздің жігіт. «А-а-а с...», «А-а-а сссұмырай!» десіп, біз отырмыз. Енді келіп, ескі, жыры жауыр болған, тарихы тебендей ескіріп, талақ атысқан дәуірге түскені несі?! Жо-о-оқ, біздің Ачи мықты екен! Сүйем деп сүмірейген пенде-қыздың маңдайынан итереді ғой! Міне, жігіт! Еті тірі! Әнекей! Азаматтық көрсетті деп тағы бір лепірдік! Ал Джиннің мінезін айтсайшы, сезімі қандай! Бұл тіпті марқұм досымен құшақтасып тұрған сәтін де сүгіретке түсіріп алған екен! Сөйтсек, әсілінде-ақ біздің жігіттің жолын торып жүрген қаншыр екен ғой. Несі бар, махаббатына еңбекпен келген ұлы мұратпен кіріскен қыздың расында да Ұлылығын көре алдық. Біздің өмірде мұндай құбылыс тым жиі көрінетінін білмейді емеспіз. Сондықтан қидық.


Киноны қойшы, біздің өмірде де мұндай, дәл осындай жағдай да болды. Біз қайттік? Сүмең етіп, «Бабидың» бәлелігіне бас идік. Бұл азаматтық та емес! Тіпті түк те емес! Жігіттігіңе болайын! Өл де маған!

Сентименталды, сезімге иіліп жүрген жігіттігіміз түк те болмай шықты. Арам әрі қорқақ екенбіз ғой. Ех, дүние! Солайы солай... Бет-пердемен өмір сүрген мен сияқтылар азайсыншы, тілек осы. Алды түнек, арты қуыс арамзалықтан сақтан, адам баласы... Кешіріңідер!   

25
Рейтинг: +6

Жазылған уақыты: 19 тамыз 2012, 21:47
Тегтер: махаббат, баби, ачи уго

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.