Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Мен күтетін мереке
Мен күтетін мереке

Автор: Гүлжанар Жарқынбекқызы

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Шетелде оқығың келе ме?

Шетелде оқығың келе ме?

Шетелде оқығың келе ме?

Бүгінде шет елде оқу деген біз үшін орындалмайтын арман болудан қалды. Айналамызда әйтеуір бір-екі танысымыз шет елде оқып, тәжірибе алмасып келіп жатады. Ал біз әлі де оны тек армандап қоямыз. 

Әр істің басында ой, идея тұрады дейді ғой. Сондықтан алдымен шет елде оқу жайлы жақсылап ойланып, армандап алған да дұрыс шығар. Тек бұл процесті көп созбай, нақты іс-әрекетке де көшу керек екен. Ең болмағанда, ғаламтордан керекті ақпараттарды жинастырып, ағылшын курсына жазылып оқи берген - игі бастама болмақ. Ал ары қарай адамның табандылығы, шыдамдылығы, ұқыптылығы басты алаңға шығатындай. 

"Екпін"-де шет елде оқу айдарындағы көптеген студенттермен әңгіме барысында мен соны байқадым. Алға қойған мақсатыңнан таймай, оған жетіп болмайынша, әрекет ету. Олардың бәрі де бір ауыздан жалпы алғанда шет елге оқуға түсу оңай нәрсе, тек бәрі де оған бел буып бара бермейді дейді. Тек ерінбегендер, күте білгендер, тырысқандар өз дегеніне жетеді. 

Осындай студенттермен сұхбаттаса отырып, әрине мен де енді өзімді кем дегенде Нью-Йорктағы Колумбия университетінен көріп отырмын:) Сондықтан шет елде оқу бұрыннан ойда жүрген, көкейіңізді тесіп, түнде ұйықтатпайтын арманыңыз болып жүрсе, әрекет ететін шақ келді! 

Өзіме өзгелердің үлгісі шабыт береді, сіздер де шабыттанып отырыңыздар: 

Қазақ блогосферасына белгілі Алтыградустың Жапонияға қалай түскені, қайда тұрғаны, не оқығаны жайлы біліңіздер  

Дизайнер саласында оқимын десеңіз, Лондондағы әйгілі Сент Мартинс университетінде оқитын фэшн-блогер Маликаның посты сізге пайдалы болуы мүмкін 

Ал ислам елінде білім алғыңыз келсе, Дубайда оқитын Еркебұлан есімді студенттің сұхбатын оқи отырыңыз

Еуропаның ескілік есетін қалаларына тамсанып, ерекше колорит сезінгіңіз келсе, онда Испаниядағы Баянның әңгімесін оқыңыз. 

Сондай-ақ бізде Шотландиядағы Роберт Гордон, Түркиядағы Гази университеті, және т.б. көптеген шет ел студенттерінің сұхбатын тауып оқи аласыздар. 

Бұдан кейін де студенттердің сұхбаттары жалғаса береді. Мүмкін болашақта өзім де осы студенттердің қатарынан көрінермін:) Мақсатыңды, арманыңды дыбыстаған дұрыс дейді, сондықтан шет елде оқығыңыз келсе, қазірден бастап сол туралы айтып, нақты қадамдар жасай беріңіздер.

7505 0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 17 тамыз 2012, 16:09
Тегтер: шет елде оқу, шет ел студенттері, қазақ студенттері шет елде
Пікірлер
+0
17 тамыз 2012, 17:58

Қызық пост екен. Пайдалы. Бірақ өз басым шет елде оқу туралы ойлап та армандап та көрмеппін

+0
17 тамыз 2012, 21:31

ойланып көріңіз, басқа елде тұру өзіңіз білмеген көптеген қырларыңызды ашуы мүмкін:)

+0
17 тамыз 2012, 19:24

жақсы екен мен ылғи армандаймын.францияелінде оқығым келеді.

+0
17 тамыз 2012, 21:32

арман деген нәрсе орындалады екен:) тек өзіңізге байланысты бәрі)

+0
18 тамыз 2012, 01:40

Қызық, шет елде оқу туралы ойласам ойым екіге бөлінеді... Бірақ, ел көріп, жер көріп, білім алғанға не жетсін.

+0
18 тамыз 2012, 12:37

әрине:)

+0
18 тамыз 2012, 14:58

Маған Екпіннің осы айдары ұнайды. Үнемі оқып тұрамын. Ел көрген, жер көрген жақсы ғой.

+0
19 тамыз 2012, 10:25

рахмеет:)

+0
18 тамыз 2012, 18:17

Америкада немесе Ұлы Британияда вопщем ағылшынша сөйлейтін мемлекеттерде театр факультеті бар қандай университеттер бар???

+0
19 тамыз 2012, 10:27

өз естуім бойынша, Нью-Йоркте жақсы университет бар, өнер институты секілді

+0
19 тамыз 2012, 19:33

Рахмет! Нақты ақпарат бере аласызба???

+0
19 тамыз 2012, 03:04

Оқуымның кейінгі екі жылын Малайзияда оқимын деп шештім :)

+0
19 тамыз 2012, 11:09

Араб елдерінде оқығым келеді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...