Мөнке бидің нақыл сөздері.

Мөнке бидің нақыл сөздері.
жеке
блог

                          Мөнке бидің нақыл сөздері.

Әбіш Айнұр  Әл-Фараби атындағы. 

Қазақ Ұлттық Университетінің www.kaznu.kz     

Дінтану мамандығының 2-курс  студенті.

Жетекшісі ҚазҰУ,аға оқытушысы Тунгатова У.А.

 

 

       Тілеуұлы Мөңке би- Әбілқайыр хан кеңесшісі, белгілі би, жырау. 17 ғасырдың аяғында 18 ғасырдың басында өмір сүрген. Мөңке бидің әкесі Тілеу Айтұлы-би әрі батыр қолбасшы болған. Әбілқайыр хан дүние салған соң Нұралы ханның билігін тану туралы Елизавета Петровнаға жазылған хатқа Орта жүздің беделді адамдары Жәнібек тархан мен керей Наурыз би бастаған топпен, сондай-ақ Кіші жүздің 30 би, батырларымен бірге қол қойған.

       Мөңке би сонымен қатар сәуегей кісі болады. Сол болжауларында қазіргі уақыттағы дін, ар-ұят туралы былай дейді:

Кер заман кезінде –

Әулиенің аруағы кетіп, мазары қалар,

Ар-ұяттың бәрінен жұрдай болып,

Қарап тұрған жігітке қыз артылар.

Дүдәмалдау дінің болады.

Алһам білгенін молда дейді.

 Ол кісі ақылы алғыр дана кісі болады. Халық арасында өзінің жұмбақтарыда ой салады.

Мөңке бидің жұмбағы:

Ханы қайғылы болды,  биі бүкірейіп болды.   Атадан бала именбей, ежірейіп тұрды,   Анадан қызы именбей, бежірейіп тұрды.   Сол уақытта қамқа тон көнеріп тозды,-  дейді.

Жұмбақтың шешімі :

Кермиық кеңестен қалса, ақсақалы ата діннен танған шығар.   Шалқасқа шабысынан қалса, аузынан шалған шығар.   Қотыр теке қой бастайды, ел бастайтын қожа-молданы Құдай ұрған шығар.   Хан қайғылы болса, қарашысы халықты жеп, қарны шемен болатын шығар.   Биі бүкірей болса, сөзден береке кетіп, ел азып-тозатын шығар.  Атадан бала именбей, ежірейіп тұрса, әдепті білмес тексіз құл болатын шығар.   Қызы именбей, бежірейіп тұрса, ханның қызы болса да, мінезі күңге лайық болатын шығар.   Сол уақытта қамқа тон көнеріп тозса,  сүйегі асыл қазағымнан қасиет, көлімнен қазым кететін шығар, -  деген екен…

     Кермиық сөзі қазақ тілінде қолданыстан қалған, көп қолданылмайтын сөз. Кермиық сөзі мағынасы жас бала, жас буын дегенді білдіреді. Сонда айтылып тұрғаны жас буын ақыл алмаса алдыңғы буын тура жолдан тайған болар деген мағынада секілді. Бұл жұмбақтың шешімі ерте заманныңда қазіргі заманның да өзекті мәселелерін талқылайды.

   Қорыта келе осы келтірген сәуегейлік өлең мен жұмбақтың өзі Мөңке бидің даналығын көрсетеді. Ал біз талқылап оқып ойға сақтау керек Мөңке бидің қанша нақыл сөзі бар.