• 451.15
  • 503.11
  • 4.94

Германия баспасөзінің сипаты жайында

Германия баспасөзінің сипаты жайында
жеке
блог


«Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы мықты», - деп Міржақып Дулатұлы айтқандай, әр ұлттың өзіндік төлтума баспасөзі болмақ. Баспасөз газет – журнал, радио – теледидар бірлестігінен құралған үлкен құрылымды жүйе. Тегінде, Ахмет Байтұрсынұлы келтіргендей, «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Қоғам үшін маңыздылығы мен адамзат үшін қажеттілігі негізінде туатын жаңалықтар желісі –заманның, ақпараттық ғасырдың, ақпараттық технологиялардың жемісі. Ел іргесінде белең алып, елеулі, жағымды – жағымсыз оқиғаларға күнделікті ұлт шеңберінде ақпарат дереккөзін сан қырынан бағдарлап, белгілі бір деңгейде халықтың қажеттілін орындаса, екінші тұстан сол ұлттың өзіндік баспасөз қолтаңбасының даму кезеңінің айғағы болады.

БАҚ халықтың қызығушылығына, таным дүниесіне, халық ауыз, жазба әдебиеті, ұлт тарихы мен мәдениеті, салт – дәстүрі, тұрмыс – шаруашылығы негізінде құралады. Мәнді – мағыналы, өзекті тақырыптары, сапалы жұмыс есебіндегі дүние – алдыңғы қатарлардан озық болып, сол ұлттың баспасөз тарихының дамуының негізіндегі алтан қазыққа айналады. Себебі, бәсекелестікке қабілеттілікке орта пайда болып, мемлекеттің БАҚ шартарабында жоғары дәрежеге ығысып, өнімін көруі орын алады.

Ақпарат құндылығының мәнісі неде? Бір түрткі хабар арқылы қоғамдық пікірді өзгертуге қабілеттілігі, ұлттың, бүтін бір мемлекеттің тағдыры қыл үстінде тұратындай етіп те және бірлігін нығайта алуға қауқарлы алпауыт күш иесі екенін есте сақтаған абзал. Сауаттылық пен эстетиканың жаршысы, жазудың қасиеттілігі мен жазу машығы, оның ішінде автордың тәрбиесі, біліктілігі мен білімін қатар дамытып, өзін – өзі күнделікті жетілдіріп отыруы – маңызды қағиданың бірі.

Сөздің, сөз өнерінің құдіреттілігі жайында Зейнолла Қабдолов «Сөз өнері» кітабында ерекше сипаттап, бедерлеп ақ параққа қылқаламымен шебер ағыта төккен екен.

Орталық Еуропада орналасқан федеративті мемлекет – Германияның баспасөз тарихына шолу жасалық. Германия баспасөзі 20 – ғасырдың соңына қарай, 2 салымға бөлінген мемлекеттің біріккен уақытында газет – журнал тарихы айтарлықтай өзгерістердің тууына әкелді. Қазірде неміс баспасөзі сандық деректерге сүйенсек, 1601 басылымы 25 365 500 дана таралымымен шығып тұрғаны анықталды. Германияның 1000 адамға шаққандағы тиражы бойынша алдыңғы қатарларды иеленеді, бұл баспасөздің сапалы материалдарымен, оқырман халықтың «көзі ашық, көкірегі ояу» болуға ұмтылмағымен де айқындалады.

Әр баспасөздің қалыптасу тарихи шежіресі һәм негізі бар. Сол сияқты, Германия баспасөзінің қалыптасуы мен таралуында 550 жыл бұрын типографиялық станоктың шығуы түрткі болды. Оны Германия астанасы Майн қаласының тұрғыны Иоганн Гутенберг ойлап шығарған. Латын тіліндегі інжіл кітап – типографиялық станокта басылған алғашқы басылым болғанымен тарих сахнасына жөнелтілді. Германия мемлекетінің күнделікті және апталық басылымдарына көңіл қойды. Оған дәлел, 1609 жылдары ең бірінші апталық басылымдар жарық көрді, атап айтар болсақ, «Реляцион» мен «Авизо». Күнделікті газеттер кезеңінің жарық көруі 1661 жылғы «Ляйпцигермен» байланысты болды.

Мемлекеттік биліктің жоғары өкілетті орган қабалдаған жалпыға бірдей мемлекеттің ережелер жиыны заңға негізделеді. «Журналистер – төртінші билік өкілдері», - қоғамда болып отырған түрлі құбылмалы жайттардың бәрінен хабардар болып, бұқара халыққа баз қалпында, қалыпты пішінде жеткізуі – басты міндет. Жеткізу барысында «баспасөз бостандығы» принціп шеңберін ұстана отырып, қағидаларға сәйкес, жеке құқықтың қорғалуына, сақталуына, жалған ақпараттардың алдын алып, әрбір ақпарат дереккөзіне баса назар аударуы – елдегі жағдайдың түпкілікті өзгеруіне алып келеді,  аса мұқияттылық пен байқампаздылықты арттыру керек. Мұны келтірген себебім, Германия баспасөзі, Заң бойынша: «Әр адам өз ойын ауызша немесе жазбаша білдіруге қақысы бар. Баспасөз еркіндігі, ақпарат бостандығы сақталады. Цензура жойылған» - деп көрсетілген. Әлбетте, баспасөз бостандығы орнатылды деп оны оңды – солды, шекарадан асып, өз ойының асқақ дұрыстығын білдіріп, мемлекеттің билік жүйесіне айтылған «жала жабу» сөздердің, заңға қарсы шыққандарға талаптың өзгеше болатыны ескертіледі.

Жоғарыда атап көрсетілген неміс ұлттық басылымдарының өзіне тән ерекшеліктерін, өзгешеліктерін айта кетуді жөн көріп отырмын:

Алғашқысы, неміс басылымдарының аймақтық тарауға бөлінуі туралы. Бұған себеп, сол кезеңдердегі феодалдық бытыраңқылықпен сипатталады.  Мысалға, елде 420 газет шығатын болса, оның 400 – і жергілікті аймақтарға бағытталған басылымдар қатарында.

Екінші дербес дереккөз бойынша, таңертеңгілік газеттердің басымдылығы деп келтіріледі. Оған дәлел, 1989 жылы экс - Германия мемлекетінде бірден бір жексенбілік басылым болмаса, бұл көрсеткіш 1993 жылы 25 данаға жеткен.

Үшіншіден, партиялық басылымдардың беделі төмендеген. Газет – журналдар таралымының тек 10 пайызын құрайтыны анықталған.Мәселен, христиан – демократиялық одағының «Унион ин Дойчланд» журнал басылымын 10 күнде 1 рет ғана шығарылады. Ал, ертеден шығып келе жатқан социал – демократиялық партия органы «Форвертс» қаржылық қиыншылықтарға тап болып, 1989 жылы жабылып қалды.

Төртіншіден, жеке капитал үстем тап өкілдерінің бұқаралық электрон құралдарына, әсіресе, теледидарға шабуыл – қысымы күшейе түскен.

Бесіншіден, Қазірі кезде Германия баспасөзінің 75 пайызы бес ірі концерндерге қарайды. Германия баспасөз тарихының құрылуына зор рөл атқарған тұлғалар қатарына Рудольф Моссе, Леопольд Ульштейн, Август  Гук, Август Шерльдер есімдері жатқызылады.

 

Сұлтан Бағдат Сұлтанқызы 

Журналистика факультеті, 2 - курс студенті

Жетекшілері: Майкотова Ғ.Т., ф.ғ.к., доцент 

Әлім Ә. А аға оқытушы