Джон Годдардтың өмірлік 127 мақсаты.

Джон Годдардтың өмірлік 127 мақсаты.
жеке
блог

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, доцент Жанатаев Данат Жанатайұлы

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 1-курс магистранты Жайлыбаев Исламбек Талғатұлы

 

 

Джон Годдард және оның өмірдегі 127 мақсатының тізімі.

  Джон Годдард (29 шілде 1924 жыл - 17 мамыр 2013 жыл) - атақты зерттеуші, саяхатшы, ғалым және антрополог. Джон Годдардтың өмірі – дұрыс қойылған мақсаттардың өмір жолына қалай әсер ететіндігінің тамаша үлгісі. Джонның жасы 15-те болатын, бір күні мынандай оқиға орын алды. Оның әкесі, өте табысты бизнесмен еді. Әр аптаның жұма күні өзінің достарын және серіктестерін үйіне қонаққа шақыратын. Бірде дастархан басында отырған Джон әкесінің достарының әңгімесін естіп қалады. Олар өз өмірлерінде көп мүмкіндікті өткізіп алғандарын, соған қатты өкінетіндерін айтып жатқан болатын. Мұны естіген Джон "мен мұндай қателікке жол бермеймін" деп, өмірінде жеткісі келетін мақсаттар тізімін жазады. Ол тізім 127 пункттен тұрды.

 


  Джон 50 жасқа келген кезде өз тізіміндегі 100-ден астам мақсатқа сәтті қол жеткізді.  Годдард Ұлы Қытай қорғанына барды, Амазонка, Конго және Колорадо, Янцзы өзендерін жүзіп өтті (ең қауіпті 15 өзенді зерттеді).  Ол Ніл өзенінің бастауынан сағасына дейін бүкіл ағысты зерттеген тарихтағы бірінші адам болды.  Сондай-ақ, бүкіл Конго өзенін зерттеген бірінші адам болды. Килиманджаро мен Маттерхорнға шықты (әлемдегі ең биік 12 тауды бағындырды). Ол 260 қарабайыр тайпалардың өмірін зерттеп, сипаттады, планетамыздың ең шалғай түкпірлеріне 14 үлкен экспедиция жүргізді және көптеген түрлі рекордтар орнатты. Годдард өзінің барлық мақсаттарын ерекше сезім алу емес мақсатында емес, ғылыми зерттеу, дүниенің білім қорын толықтыру мақсатында жасады.

 


  Бірде Джоннан мұндай әсерлі тізім жасауға не себеп болды деп сұрағанда, ол былай деп жауап берді: «Екі себеп.Біріншісі , мені "өмірімде нені істеу керек, не істемеу керек" деп үнемі айтып отыратын үлкендер өсірді. Екіншісі, өзімді елу жасында ештеңеге қол жеткізбеген адам ретінде көргім келмеді».

Өзендерді зерттеу:

1.Ніл
2.Амазонка
3.Конго
4.Колорадо
5.Янцзы (Қытай) (Орындалған жоқ)
6.Нигер (Батыс Африка) (Орындалған жоқ)
7.Ориноко (Венесуела) (Орындалған жоқ)
8.Рио Коко (Никарагуа)

Алғашқы мәдениеттерді зерттеу:

9.Конго
10.Жаңа Гвинея
11.разилия
12.Борнео
13.Судан
14.Австралия
15.Кения
16.Филиппин
17.Танзания
18.Эфиопия
19.Нигерия
20.Аляска

Тауларды бағындыру:

21.Эверест (Орындалған жоқ)
22.Аконкагуа (Аргентина) (Орындалған жоқ)
23.Маккинли (Орындалған жоқ)
24.Уаскаран (Перу)
25.Килиманджаро
26.Арарат (Турция)
27.Кения
28.Кук (Жаңа Зеландия) (Орындалған жоқ)
29.Попокатепетль (Мексика)
30.Маттерхорн
31.Рейнир
32.Фудзи
33.Везувий
34.Бромо (Ява)
35.Гранд-Титон
36.Балди (Калифорния)
37.Медицинада зерттеу жүргізу (Орындалған жоқ)
38.Әлемнің барлық елінде болу (Орындалған жоқ)
39.Үнді навахо және хопи тайпаларын зерттеу
40.Ұшақ басқаруды үйрену
41.Роуз-Передте атпен серуендеу

Суретке түсіру:

42.Игуасу сарқырамасы (Бразилия)
43.Виктория сарқырамасы (Родезия)
44.Сатерленд (Жаңа Зеландия)
45.Йосемит сарқырамасы
46.Ниагара сарқырамасы
47.Марко Поло мен Алекссандр Македонскийдің жолын қайталау

Су астын зерттеу:

48.Флоридадағы маржан рифтері
49.Үлкен Тосқауыл рифі (Австралия) (Салмағы 300 фунт (136 кг) балдырды суретке түсіру)
50.Қызыл теңіз
51.Фиджи аралдары
52.Багам аралдары
53.Окефеноки және Эверглейдс шымтезек кен орындарын зерттеу

Осы жерлерге бару:

54.Солтүстік және Оңтүстік полюстері (Орындалған жоқ)
55.Ұлы Қытай қорғаны
56.Панама және Суэц каналы
57.Пасхи аралы
58.Галапагос аралдары
59.Ватикан
60.Тәдж-Махал
61.Эйфель мұнарасы
62.Көк Грот
63.Лондон Тауер
64.Пиза мүнарасы
65.Чичен-Ицза қасиетті қабырғасы (Мексика)
66.Айерс тасына өрмелеу (Австралия)
67.Иордан теңізі арқылы Галилея теңізінен Өлі теңізге өту (Орындалған жоқ)

Көлдерде жүзу:

68.Виктория
69.Жоғарғы
70.Танганьика
71.Титикака (Оңтүстік Америка)
72.Никарагуа

Орындау:

73.“Бүркіт” барлаушысы болу
74.Сүңгуір қайықпен жүзу
75.Ұшақ кемесімен ұшу және қону
76.Дирижабльде, әуе шары мен планерде ұшу
77.Пілмен, түйеқұспен, түйемен, мустангпен серуендеу
78.40 фут (12 метр) су астына түсіп, екі жарым минут демді ұстау
79.Салмағы 10 фунт (4,5 кг) омар (шаян түрі) мен ұзындығы 10 дюйм (25.4 см) ұлу ұстау
80.Флейта мен скрипкада ойнауды үйрену
81.Жазу машинасында минутына 50 сөз теруді үйрену
82.Парашюттен секіру
83.Қарапайым шаңғы мен су шаңғысын тебуді үйрену
84.Миссионерлік қызметпен айналысу
85.Мьюир Трейл ізбасары болу
86.Дәстүрлі медицинаны зерттеп, пайдалы рецепттер жинау
87.Пілді, арыстанды, мүйізтұмсықты, гепардты, буйволды және китті суретке түсіру
88.Семсерлесуді үйрену
89.Джиу-джитсу үйрену
90.Колледжді аяқтау
91.Балидегі кремация рәсімін көру
92.Теңіз тереңдіктерін зерттеу
93.Тарзан туралы фильмге түсу (Орындалған жоқ)
94.Жылқы, шимпанзе, гепард, оцелот және койот сатып алу (Орындалған жоқ)
95.Қысқа толқынды радио әуесқой болу (Орындалған жоқ)
96.Өз телескопымды жинау
97.Кітап жазу
98.National Geographic журналына мақала жариялау
99.Жерден 5 фут (1,5 метр) биіктікке секіру
100.15 фут (4,5 метр) ұзындыққа секіру
101.1 мильді (1.6 км) 5 минутта жүгіру
102.175 фунт (79 кг) салмақты көтеру
103.200 рет отырып тұру және 20 турникке рет тартылып үйрену
104.Француз, испан, араб тілдерін үйрену
105.Комодо аралындағы айдаһар кесірткелерін зерттеу (Орындалған жоқ)
106.Соренсон атаның туған жеріне Данияға бару
107.Годдард атаның туған жері Англияға бару
108.Теңізші ретінде кемеде жүзу
109.Британ энциклопедиясын толықтай оқу (Орындалған жоқ)
110.Библияны толықтай оқу
111.Шекспир, Платон, Аристотель, Диккенс, Торо, По, Руссо, Бэкон, Хэмингуэя, Твен, Бэрроуз, Конрад, Толстой, Лонгфелло, Китс, Уитьер және Эмерсон шығармаларын оқу
112.Мына композиторлар шығармашылығымен танысу: Бах, Бетховен, Дебюсси, Мендельсон Люлли, Римдық-Кор-саков, Лист, Рахманинов, Стравинский, Чайковский, Верди
113.Ұшақ, мотоцикл, трактор, мылтық, тапанша, каноэ, микроскопты басқаруды үйрену;  футбол және баскетбол ойнау, садақ ату, лассо мен бумеранг лақтыру
114.Музыка жазу
115.Фортепианода  Клода Дебюссидің  Clair de Lune шығармасын ойнау
116.Алау шеруін көру
117.Улы жыланды сүтпен ішу
118.Сіріңкені 22 калибрлі мылтықпен жағу
119.Киностудияда болу
120.Хеопс пирамидасына шығу
121.Зерттеушілер мен шытырман оқиғалар әуесқойлары клубтарының мүшесі болу
122.Полода ойнап үйрену
123.Гранд каньонды жаяу және қайықпен саяхаттау
124.Жер шарын айналып өту
125.Айға бару (Орындалған жоқ)
126.Үйлену және балалы болу
127.XXI ғасырға дейін өмір сүру