Жеттім бе саған?

Жеттім бе саған?
жеке
блог

Осыдан 3 жыл бұрын олар бір-бірін мүлдем танымайтын..Бір қызығы әлі де танымайды! Жай агентте сөйлесетіні болмаса...соңғы 4 күнде Айбаттың көңілі ерекше көтеріңкі.

Ол осыдан 3 жыл бұрын көп үңіле бермейтін жергілікті  «Ақтөбе» газетін ақтарып отыр еді. Бір мақала шетіндегі қыздың суретін көзі шалып қалды...жылы жүзді, сәл ғана жымиып тұрған сұлу көзіне оттай басылды. Тезірек көз жүгіртіп мақаласын оқып шықты. Керемет!!! Міне, бәрі осыдан басталды.. Айбат енді өзгерді. Қызық, ойынан кетер емес сол қыз.. Күнделігінің бір бұрышына қыздың аты-жөнін, сол күнді түртіп қойды. Агенттен іздеп көріп еді. Жооқ, таппады!!!! Содан бері ауық-ауық осы бір қоғамдық желіге бас сұққан сайын іздейтіні - сол, нәтиже болған емес. Енді міне 3-4 күн бұрын тағы бір байқап көріп еді, табылды))) қыз сенер-сенбесін білмейді, сәл шошып та үлгерді алғаш естігенде.

Соңғы күндері Айбат көңілденіп ән салатын болып алды. Осы кезге дейін осы арманмен, елеспен өмір сүргендей...бірақ әлі де солай. Көңілінде қорқыныш та жоқ емес, кездескенде қалай болмақ?? Менен теріс айналса ше? Осы заманда осылай да ғашық болады екен-ау...