БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДЕРДІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДЕРДІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
жеке
блог

Біз білетін маңызды мәселе бар. Әрине ол адамзаттың тарихи тізбегі. Ол үнемі қайталанып отырады. Ең алғашында адамдар жеке-жеке жүріп кейіннен бірігіп тобыр болды, тобырдан ру, ал рудан тайпа болып солай үлкен мемелекеттерге айналды. Сонда адамдар арасындағы байланыс эволюция кезеңі өте келе үнемі дамып отырған. Сол процесс нөлдік заманнан басталып осы XX-ғасырға дейін жақсы дамып отырды. Алайда қазір ғылыми техникалық революцияның әсерінен адамдар арасындағы байланыс жылдан жылға үзілуде. Ең басты проблеманы сол тудырады.

Адам трансцендентті тіршілік иесі. Ол үнемі өзге адаммен және рухани метафизикалық әлеммен байланыста болуы тиіс. Егер олай болмаған жағдайда оның ішкі әлемі қисық көзқарастарды алып радикал "жарты бас робот" сияқты болады. Ондай адамдар адамзаттың басты жауы. Олар тек қайталанатын функционалды өмір сүреді.

Алдағы жүз жылдықта біздің ел ғылыммен қоса төл мәдени және рухани даму арқылы ғана өзге елдерді оза алады. Қай елде мәдениет пен рухани платформа мықты болады сол ел жаңа дәуірде алда болады.

Мәдени және рухани дамусыз өскен ұрпақтар Албер Камьюдің айтқан "абсурд" ұғымына ұрынады. Абсурд сөзі "мәнсіздік" және "мағынасыздық" дегенді білдіреді. Мәнсіз және мағынасыз өмір сүруші ұрпақтар бұл мемлекетте не үшін өмір сүретінін білмейді. Өзінің не істеп жүргенін білмегендер мемлекеттің басты кедергі күші. Сонымен қоса оның салдары ретінде суицид мәселесі ашылады. Осының барлығын тек рухани және төл мәдени жолмен ғана шешеміз. Егер де келешекке көз салғымыз келсе жастар қандай рухани және мәдени өнім алып жатыр соны қарау керек. Сол бойынша ғана біз келешекке көз саламыз.

 

Есмұрат Еркебұлан – магистрант

Адаев Өркен  – магистрант

 

Жанатаев Данат Жанатаевич – доцент, жетекші,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы