ҚазҰУ - біздің студенттер тұрағы

ҚазҰУ - біздің студенттер тұрағы
жеке
блог

«Сенде бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та бар қалан» деп қазақтың ұлы перзенті, ғұлама Абай атамыз айтқандай, әр адам осы өмірде өзінің орнын таба білу керек.
Қазақстан бүгінгі таңда сапалы білімімен көзге түскен елдердің бірі болып табылады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев білімге көп көңіл бөлуде. Біз оны салынып жатқан әлемдік стандартқа сай түрлі мектептер мен жоғарғы оқу орындарынан байқаймыз. Сондай университеттердің бірі - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Мен толарсақтан саз кешсе де елін алға тоқтамай тартып шығаратын, халық пен билікке көпір болатындай, қашан да жүгі ауыр болып саналған журналист мамандығын абыроймен атқарып шығу үшін сапалы білім алып, халқымыздың жарқын келешегіне септігімізді тигізу мақсатында тамырын тереңге жайған білім ордасы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таңдадым.
ҚазҰУ әлемнің ең үздік университеттерінің қатарында. Ғылыми зерттеулер мен әдістемелерді жүргізуде жоғары деңгейдегі технологияларды пайдаланатын, оны қоғамда және экономикада ұтымды жүзеге асыратын алдыңғы қатарлы заманауи ЖОО болып табылады. Жоғары оқу орнын таңдаудан қателеспегеніме сенімдімін, сол секілді таңдаған мамандығым да өзіме ұнайды.
ҚазҰУ - талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені.
ҚазҰУ - адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де, мен өзімнің ҚазҰУ-да жүргендігімді мақтан тұтып айта аламын.

Масалим Альфараби Айтқазыұлы