ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫН ЕСКЕ АЛДЫ

ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫН ЕСКЕ АЛДЫ
жеке
блог

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық атқару-жүйесі Департаментінің қызметкерлері Ғазиз Байтасовты еске алды.

2012 жылы 12 қарашада Тараз қаласында қылмыскерді ұстау барысында 7 адам қаза тапты, оның ішінде 5 полиция қызметкерлері бар. Қаруланған қылмыскерлер өзін-өзі жарған кезде, өзгелердің өміріне қауіп төндірмеу мақсатында өз денесімен қылмыскерді жапқан Жамбыл облыстық ІІД жол полиция басқармасы жеке батальонның взвод командирі полиия капитаны Ғазиз Байтасов қаза тапты.

Осы аталған ерлегі үшін қаза тапқан Ғ.Байтасовтың әйелі Г.Тайшиеваға «Халық Қаһарманы» атағына қосымша «Алтын жұлдыз» белгісі мен «Отан» ордерімен марапатталған.

«Біз бүгін осыдан 10 жыл бұрын, нағыз батырлықтың, қайсарлықпен ерліктің үлгісін көрсетіп қоғам тынышытығы жолында қаза тапқан қаһарман әріптесімізді монументке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алдық.

Отан үшін от кешіп, бейбіт заманда қаруланған қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан әріптестеріміздің ерлігі қашанда жадымызда. Ғ.Байтасовтың ерлігі жас мамандарға қашанда үлгі-өнеге болу тиіс. Әріптесіміздің жарқын бейнесі біздің мәңгі жадымызда».