Кітап талғамы

Кітап талғамы
жеке
блог

Сәлем, массагеттіктер! Сіздерге жаңа видеоблогымды таныстырғым келіп отыр. Естеріңізде болса, экперимент ретінде көктемде "фэшн" блог жасап көрген болатынбыз. Енді арнамызды сәл интеллектуалдыққа бұрып, пайдалы әңгіме жүргізуді жөн көрдік.

Тақырып - сүйікті кітаптар. Меніңше, оқитын, кітапты асап жейтін оқырман қауымды ешқашан жалықтырмайтын тақырыптардың бірі. Әйтеуір өз басым сондаймын. Егер менімен кездесе қалсаңыздар, кітап, кино жайлы сөйлесіңіздер. Бір-екі сағаттық әңгімеге ұласып кететініне сенімдімін:) Ал біреудің өміріне әсер еткен, адамды өзгерткен кітаптарды тору екі есе қызық деп ойлаймын. Сондықтан бұл видеоблогта мен осындай кітаптармен бөлісуге тырыстым. 

Жалпы кітап адамның ең сенімді досы деп бекер айтылмаған-ау. Тек оның шегін де білу керек екен. Алдында ғана осы жайлы мамаммен әңгімелесіп, өзін-өзі жетілдіру кітаптарымен ғана өмір сүруге болмайтынын, қазірде ондай кітаптардың көл-көсір болып, адамды адастыруға да апаратыны жайлы толғандық. Иә, қазірде "как стать богатым", "как стать успешным" сынды кітаптар толып жатыр. Әрине олар пайдалы болуы мүмкін, тек соларға "фанатеть" етпей, талғамды жоғары қоюға тырысу керек сияқты. 

Жетілу жолында әдеби кітаптарды да ұмытпаған жөн. Сонымен алдарыңызға видеомызды ұсынайын, ал талқылау мен сындарыңызды мында  жазсаңыздар болады. 

Файл менеджер істемей тұр, сондықтан өкінішке орай видеоны қоя алмай отырмын:) Сондықтан видеоны көрем деушілерге мына сілтеме есігі ашық:) 

Алғыспен, Айжан Кәрібаева.