Алақай!!!

Алақай!!!
жеке
блог

Салем, Массагет тұрғындары.. алдыңғы блогымда грантқа конкурс болатында қандай шешім қабылдарымды білмей, сіздермен ой бөліскен едім.. Міне бүгін сол шешімімнің қуанышты хабар әкелгенін жазғым келді.

Жақында грантқа түскендердің қорытындысы белгілі болды.

 Мен де грантқа түскендердің қатарында бар екенмін!!! Бұл хабарды естігенде қуаныштан жүрегім жарыла жаздады. Жалғыз мен емес, отбасымдағылар, туысқандар, тіпті көршілер де қуанып жүр.. Әрине, 11 жылдық еңбектің ақталғанына кім қуанбасын.Ата-анамның бір үмітін ақтаған шығармын деп ойладым олардың қуанғанын көргенде. Енді мен де ҚазҰУ-дың студенттерінің бірі  боламын.өзім қалаған мамандыққа түсе алмадым бірақ.. Әрине, өкінішті!  Енді оның не маңызы бар, басқа мамандыққа түскеннен кейін. тек осы оқуды жақсылап оқысам болғаны.