Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Танымал болғың келе ме?

Танымал болғың келе ме?

Танымал болғың келе ме?

Танымал адамдардың көбінің жеке өмірде жолдары болмай жатады. Ешкім еріккеннен отбасын бірнеше рет құрмайды. Солай емес пе? Соған қарамастан, көбі танымал болуға тырмысады. Атағым шықса екен, елдер мені танып, қолтаңба алса екен дейді. 

Біз үшін, қарапайым халық үшін танымал адамдар тек өзі танылған бір қырымен ғана белгілі. Мысалы, президент. Құдды темірден жаралғандай. Бір күні таңертең батыста, түсте шығыста, кеште Қытайда, түнде Қырымда жүреді ))) Біз үшін ол барлық жағынан идеал болу керек. Ал ол мысалы сөйлеп тұрып шатасып кетсе, қырық күн күлкіге айналдырамыз. Кез келген танымал адам өз ісімен қатар, барлық жағынан мықты болуы керек. Жеке өмірінде, ішкі сезімдерінде ешкімнің шаруасы жоқ. ))

Жалпы танымалдылық осынау бес тұтам өмірде ұмтылуға тұратын нәрсе ме? Танымал болғың келер ме еді?

Ақерке: Иа, тек жақсы атыммен ғана... "Жер өртеп шығаратын" аттан Алла сақтасын. Осы өмірге бір-ақ рет келген соң, артымда мені танитын адамдардың көп болғанын қалаймын. Өзім де осы жөнінде үнемі ойлаушы ем. Танымалдылық адамды өзгертеді дейді ғой. Мен сол өзгеріспен күресіп жүріп қырсыққанда танымал жан болғым келеді!)) Болатыныма сенемін де! Тек Алла берген ғұмырым соған жетсе...

Данияр: Танымал болған жақсы, егер жақсы жағынан болса, егер "атың шықпаса, жер өртенің" күйінде ел таныр болса оның еш қажеті жоқ. Танымалдылықтың - өз тәттісімен қатар, қатты жақтары жүретінін ескерсек, оларға қызыға қоймайсың, сәл олқылығың болса жалпақ жұртқа жария деп есептей бер, сондықтан оны ұстап тұру да қиын. Танымалдының мойнында артық міндет тұратыны тағы бар. Сондықтан ба, танымал болуға талпынбаймын да, жоқ ол жауапкершіліктен қашқандық емес, өзіме артық назар ауғанын қаламаймын, жалпы қарапайым өмір салтын ұстанған күйі жүре берсем деймін, кім біледі дегенмен ғайыптан тайып танымалдылық келсе, өзгермеймін деген қағидам бар)

Бекзада: Мен осы жолда еңбектеніп жүрмін. Танымал болған жақсы ғой. Қатты танымал болсам деймін!

Айгерім: Мектеп қабырғасында жүргенде теледидар қарап отырып, Ләйлә Сұлтанқызы, Гүлмира Дайрабаева, Назира Бердалы сынды апайларға қарап менде осы кісілердей танымал болсам ғой, теледидардан сойлесем деп армандайтынмын, осы арманды Алматыға арқалап келген едім. Бірақ көп нәрсені көрген соң, ол ойымнан бас тарттым. Танымал болғым келмейді, тек адамдарға пайдасы тиетін кәсіпті меңгеріп, қарапайым адам болып өмір сүргім келеді.

Жасұлан: Танымал болғым келмейді. Танымал адамдардың жеке өмірде жолдары болмайды. Негізі білесіз бе, мен өзімді белгілі бір дәрежеде танымалмын деп есептеймін ))) 

Ал сенің танымал болғың келе ме? 

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 15 тамыз 2012, 18:01
Тегтер: танымалдылық, танымал, атақ, атақты, жұлдыз
Пікірлер
+0
15 тамыз 2012, 18:14

Суреттегідей танымал болсаң, өмір сүру қиындап кететін секілді ғо

+0
15 тамыз 2012, 18:18

Танымал болғысы келетіндер мен соған барын салып талпынып жүретіндерге кейде қызығып қараймын ;)

+0
15 тамыз 2012, 18:30

танымал болып бірденені өзгеркім келеді. танымал адамдардың сөзі өтеді ғой

+0
15 тамыз 2012, 18:49

Әрине! Танымал адамдар ықпалды болады...

+0
15 тамыз 2012, 19:16

Танымал болғым келеді. Егер танымал болып жатсам Моуриньо секілді болар едім

+0
15 тамыз 2012, 19:51

тып-тыныш өмір сүрсем ғой..жанұямның ортасында...

+0
15 тамыз 2012, 21:02

танымал болгым келмейдi,бiрак,игi iстер iстеп,комек корсетсем дим халыкка,колымнан келгенше.

+0
15 тамыз 2012, 21:54

Еее, ол туралы ойланып көрмеппін. Жақсы ісіңмен танымал болу жақсы ғоо, :)

+0
16 тамыз 2012, 09:51

Нобель сыйлығын алып немесе ҚР ең тұңғыш генерал шеніне ие болған әйел ретінде танымал болғым келеді

+0
16 тамыз 2012, 09:57

Кімнің танымал болғысы келмейді, бірақ қорқынышпен өмір сүресің, сонысы жаман

+0
16 тамыз 2012, 10:31

Танымал болғым келеді, бірақ ол үшін ештеңе жасап жүрген жоқпын, тек армандаймын. :)

+0
16 тамыз 2012, 11:14

танымал депутат болгым келедi,халыктын жанашыры болып.

+0
16 тамыз 2012, 11:51

Танымал болған жақсы ғой. Бірақ өмірің жұрттың көз алдында өтеді. Есеп беріп жүргім келмейді әр қадамыма. Сондықтан керек емес. :)

+0
16 тамыз 2012, 15:00

Өзгеге үлгі боларлықтай танымал болғым келеді. Танымал болу арқылы өз туған жерімді, елімді танытқым келеді.

+0
17 тамыз 2012, 12:15

Танымал бол болма? Ең бірінші Отанның керегіне жара!

+0
18 тамыз 2012, 02:26

танымал болған да жақсы шығар. бірақ, құштар емеспін, танымалдылықтың да жақсы, жаман жақтары бар.

+0
21 тамыз 2012, 09:15

Кейде мені көшеден тоқтаып алып, Сен Ғазизасың ба деп сұрайды. Иә, қайдан танисыз десем, Интернеттен, Гуглдан деп жатады. Бір жағынан күлкің келеді. Меніңше, кім болсаі да, ісің адал, еңбегің таза болуы керек.

+0
21 тамыз 2012, 12:47

Сен ше, Мииииииииииик?

+0
21 тамыз 2012, 17:20

Қатты танымал?!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.