Фотоэлектрлік панельдеріне арналған инновациялық микроинвентор
жеке
блог

Фотоэлектрлік панельдеріне арналған инновациялық микроинвентор

ФЭ панельдерінің құнының едәуір төмендеуіне және ФЭ панельдерінің электр энергиясын өндіру жүйелерінде үлесінің өсуіне байланысты қолданысқа жаңа баламалы инновациялық микроинвенторды шығару тың идея болып табылады. Жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ұлғайтуға бағытталған мемлекеттердің ұзақ мерзімді саясаты энергияның сенімді, әрі жоғары тиімділікке ие және арзан инверторларға сұраныстың артуын көрсетеді. Микроинвертор тек бір фотоэлектрлік модульдің электр энергиясын түрлендіруге арналған. Жүйеде бір микроинвентор істен шыққан кезде станцияның қуаты ішінара төмендейді,ал инвентордың істен шығуы бүкіл жүйенің толық жұмыс істемеуіне әкеледі. Микроинвентордың қарапайым инвенторлардан негізгі артықшылығы жұмыс жасау мерзімінің ұзақтығы және әр панельдегі микроинвенторлардың бір-біріне тәуелсіз жұмыс істеуі. Күн электр станциясының мұндай схемасы бір немесе бірнеше панельдердің ішінара көлеңкеленген, шаң болған немесе қармен жабылған күн панельдерінің бүкіл массивіндегі өндірілген электр энергиясының жалпы төмендеуіне жол бермейді. Сондай-ақ, панельдердің біреуінің істен шығуы немесе тозуы басқа панельдердің жұмысына әсер етпейді. Бұл күн электр станциясының ұзақ мерзімде инвенторға қарағанда қаржылық жағынан тиімдірек болып табылатынын көрсетеді. Фотоэлектрлік жүйелердің бағасы төмендеп жатқандықтан, микроинвертордың тиімділігін арттыру үшін арзан шешімдерді табу керек. Фотоэлектрлік жүйелердің бағасы үнемі төмендейтіндіктен, микроинвертордың тиімділігін арттыру үшін арзан шешімдерді табу керек.

Мақала авторы Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс магистранты Қоңыратбай Елбасы Ералыұлы