Германияның басылымдар тарихы

Германияның басылымдар тарихы
жеке
блог

Тарих толқынында сан түрлі дәуірді басынан кешірген германия республикасы күні бүгінде әлемдік деңгейде дамыған мемлекеттер қатарында. Еуропаның ең беделді елдері тізімінде деуге толық негіз бар. Ғасырға-ғасыр қосылып, заман ауысқан тұста, екі дүние жүзілік соғысты да көрген ел. Өз заманында екіге бөлініп, қайта қосылған мемлекет.

   Германия баспасөзі де осынау аумалы-төкпелі заман өткен уақыттарда сан қилы өзгерісті басынан кешірді, сан қилы дәуірді көрді. Тарихтың жазылуы тұсында баспалардың басылуына себепкер болатын типографиялық станокты ең алғаш неміс азаматы, Майн қаласының тұрғыны Иоганн Гутенберг ойлап тапты. Гутенберг ашқан жаңалықтың нәтижесі, арзан газеттердің өмірге келуіне себепкер болды. 1609 жылы алғашқы апталық басылым «Реляцион», «Авизо» жарық көрді. Небәрі 4 бетті, шағын тиражды газеттер еді. Күнделікті газеттердің легі «Ляйпцигер цайтунгтың» бастамасы өмірге келді. Бұл 1661 жыл болатын. Осылайша қалыптасқан неміс баспалары тарихының дамуы 2 ғасыр өткен тұста 1869-1876 жылдар аралығында шығып тұрған «Фольксштат» газетімен жалғасын тапты.  1950 жылдары 240-қа жуық газеттер шығып тұрды

   Бүгінгі күні баспалар германияда БАҚ өкілдері туралы заң және оның ішіндегі «баспасөз бостандығы» деген принціппен жұмыс жасайды. Заң бойынша былай делінген: «Әр адам өз ойын ауызша немесе жазбаша білдіруге құқығы бар. Баспасөз еркіндігі, ақпарат бостандығы сақталады. Цензура жойылған».

   Германия басылымдарының әлем елдерінен өзіндік ерекшеліктері бар:

1.     Неміс басылымдарының аймақтық сипаты басым. 420 газет басылған болса соның 400-ге жуығы нақты жеткізетін аймақтық басылым санатында.

2.     Таңертеңгілік газеттердің басымдылығы байқалады. Сондай-ақ жексенбілік газеттердің саны артты.

3.     Партиялық басылымдардың беделі төмен. Германия Республикасында басылар баспалардың ішінде тек 10 пайызын құрайды.

4.     Жеке капиталдардың электронды БАҚ құралдарына шабуыл күшейген.

5.     Рудольф Моссе, Август Гук, Леопольд Ульштейн, Август Шерльдер негізін қалаған баспасөздердің шоғырлануы жоғары деңгейде. Неміс халқының 75 %-ы осы ірі бес концендрге қарайды.

   Сонымен қатар Германияда газет пен журналдан басқа «ақпарат агенттіктері» жұмыс атқарады. 500 дей агенттік жұмыс атқарса, оның 145-і қоғамдық саяси ақпарат таратумен айналысады. Солардың ішінде ең беделдісі – ДПА – Дойчер Прессе Агентур. Бүгінгі күннің басты агенттігі ДПА 1949 жылы  3 агенттіктің қосылуы нәтижесінде құрылған. Ірі газет баспалары, радио және телекомпаниялары бар. Күніне 300 мың сөзді араб, испан, ағылшын және неміс тілдерінде ақпарат таратады. Халықаралық ақпараттар 30 %, саясат 35 % көлемінде беріледі. Қалған хабарлар экономика, спорт және мәдениетке арналған.

  Германия мемлекеті қазіргі таңда әлемнің дамыған елдері қатарында. Ал дамыған республиканың баспасөзі де алдыңғы қатарлы болуы шарт. Бұл критерийге неміс БАҚ өкілдері тура келеді. Тарих толқынында таңбалы эпизодтарға жолыққан германия, қазіргі күнде бейбіт және берекелі өмір сүреді. Бұлай күн кешу жолында БАҚ-тың әсері зор.

Ғылыми жетекшісі етіп Майкотова Ғ. Т.,ф.ғ.к., доцент, Әлім Ә,.А., аға оқытушы.