Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Неге танымаймыз?

Неге танымаймыз?

Неге танымаймыз?

Кеше ғана , «Лондонда Олимпиада басталып жатыр!», « ее,ее, не болады екен?», «Неше алтын алады екенбіз?» деп улап-шулап жүр едік. Енді міні,көзді ашып-жұмғанша байрақты бәсеке мәресіне де  жетті. 17 күн бойы Олимпиадаға қатыспасақ та, Лондонда болмасақ та, барымызды салып жанкүйер болдық. Нәтиже көңіл қуантарлық! Еліміздің түкпір-түкпірінде жеңіс тойланып жатыр.

Олимпиада ойындарын тамшалап жүріп, біршама ұялып қалған жайым бар. Қазақстандық көп спортшыларды танымайды екенмін. Бұрынырақ Әлем чемпионы болған  азаматтарымыздың бірнешеуінің есімін естімегенде екенмін. Серік алтын алғанда қуанышым қойныма симай біраз достарыма, туыстарыма телефон шалып едім, «Ол кім?» , «аааа, неден алыпты?» деген жауаптарды естігенде тіптен жерге кірер тесік таппай қалғаным-ай...

Осы олимпиада барысында алыстағы ауыл-аймақта тұратын таныстарымыздың  Екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Илиннің өзін танымайтындығына көзім жетті.

Біреу, сахнаға «әу» деп өлең айтып шықса немесе бір шумақ өлең жаза қалса, киноға түсіп актер сымақ атанып жатса, сол адамды құдайымыздай көріп, ол туралы бәрін біліп алуға тырысамыз, баз біреулер суреттерін жинап, соған табынып та жүреді. Ал, қазақтың намысын қорғап жүрген тарландарымызды танымайды екенбіз! Неге?

1262 13
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 13 тамыз 2012, 14:15
Тегтер: спортшылар, олимпиада
Пікірлер
+0
13 тамыз 2012, 15:11

бұл жайлы біраз жылдар бұрын ресейліктер де әңгіме көтеріп еді.
Жалпы, айтып отырған әңгімең орынды.

+0
13 тамыз 2012, 15:25

Оның бәрі жарнамаға байанысты деп ойлаймын. Ал жарнама көбіне теледидардан берілетіні белгілі. Спортшылар жаттығу залдарында жүргенде, Өнер адамдары көгілдір экранның бетін бермейді ғой. :)

+0
13 тамыз 2012, 15:58

Келісемін, бізде спортшыларды жарнамалау өте төмен деңгейде жүргізіледі :?

+0
13 тамыз 2012, 15:57

соны айтам неге танымаймыз????? Енді бүгінгі танығанымызды ұмытып қалмайық ертең!

+0
13 тамыз 2012, 16:52

Балаларыңды спортқа беріңдер қыздар! Алтынды тек ҚАЗАҚТАР алсын! :evil:

+0
13 тамыз 2012, 17:57

Бізді қойшы, 104 медаль алған АҚШ-ты айтсаңшы :lol:

+0
13 тамыз 2012, 18:23

Спортшыларға қолдау керек екенін Ұлыбританиядағы Ұлы дүбір дәлелдеп берді. Өнердің қай-қай саласы да ерен еңбекті талап етеді, сондықтан спортшыларды танымауымыз өнер адамдарының кесірі деп күйе жағуға болмайды деп санаймын. Әлемге атағы шыққан қаншама спортшылар бар! Бұндай жарыстар да спортшыларды таныту үшін керек. Халық таныған Олимпиада чемпиондары да бара-бара ұмтылып, ескерусіз қалып жатады. Бұл өз алдына бөлек тақырып. Жалпы, тек спорт емес, мәдениеттен өзге кез келген саланың туын көтеріп жүрген адамдар құрметке, атақ-даңққа лайық. Бірақ оларды тек өз шеңберінде ғана танығанымен, қарапайым халық тани бермейді. Бәрі сайып келгенде БАҚ-қа келіп тіреледі. Сондықтан оларды кеңірек насихаттауды осындай порталдардан бастау керек-ау ))

+0
13 тамыз 2012, 19:16

осы жылғыолимпиада есте қалары сөзсіз! Олимпиадаға қатысқан ерлеріміздің атын жаңа ғана дүние есігін ашып жатқан сәбилер иемденіп жатыр. Ертен есейгенде есіміңді не үшін солай атады деп сұрағанда,"олимпиада батырының есімі,менде сондай батыр боламын" деп спортқа қызығушылықпен өсетіні белгілі. Ұмытуда,ұмытпауда өзіміздің қолда. Ұмытпайық ер есімдерін!

+0
13 тамыз 2012, 19:52

көзден кетсе көңілден де кетеді...

+0
18 тамыз 2012, 15:40

білеміз ғой :) ана бір еларна мен хабардан әр сағат сайын беретін құсық ән бар ғой сол нервымды жеп қойды :evil:

+0
21 тамыз 2012, 09:16

Олар жайлы ақпаратты көпшілікке бере бермейді. Пиарлары да аздау. Содан болар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев