Не ойлап отыр ем?

Не ойлап отыр ем?
жеке
блог

Халықтың бар назары олимпиада да болған кезде басқа тақырып жазу қиындау екен... 

Даулет Ниязымбетовке тілеулес болып ем, жеңіліп қалды (((. Кәдімгідей, көзімнен жас шығып кетті... Алмат Кебіспаевтың сұхбатын оқып, біртүрлі сезім пайда болып қалып еді... 

 

Ол- үйленіпті... Бақытты болсын! Түсінбеген бір нәрсем бар: "мен оны сүйеді деп ойлап қалма... иа..." деген қоңырау.  Артқы ойы айтылмай қалды, бәрібір емес пе, енді оның маңызы жоқ... 

 

Бастауыш сыныпта бірге оқыған сыныптасымды тауып алдым, жақында тойына шақырды. Барлық балалық достарымды көрем, танымай да қалатын шығармын... Көп мектеп ауыстырсам да осы кластастарымды неге екенін білмейм көп ойлай беретінмін. Олар біртүрлі ыстық, жақын. Бірақ, кластасымнан бір нәрсе ұнамады... 

 

Ішімде бір өкініш гулеп жатыр, себебін білсем өртеп жіберер ем... 

 

Алла маған күтуді сынақ қылып берді, осы сынаққа шыдай алмайтын сияқтымын. Өзімді іштей жегідей жеп бара жатыр, өзіме ең сенімді тұсымнан қысып қойғанда өкінерге амал таппай қиналып қалғандаймын. Сәтін салса екен деп қоям... 

 

Бір сериал қарап жүрмін, сол жерде бір жігіт бар мен сияқты өткен күннің бақытымен өмір сүретін. Әлгі жігітті көрген сайын аяймын, ұрсамын, ұнатамын... Ол да мен сияқты адамдардың өзі танып бітпеген бір түрлі ішкі жан дүниесін ұнатады, ақымақ....

 

Корей сериалдарында неге бір адамдар өте мейірімді де, бір адамдар неге өте қатал? Тіпті жандарын суырып алып жатса да "ол менің кемшілігім, кешір" деп жатады, жыным кеп кетеді шын өмірде ондай емес қой... 

 

Жанаттың жазбасы өз алғашқы махаббатымды есіме түсіріп жіберді. Агентте онымен сөйлесіп тұрамын, алдында ауылда кездесіп қалғанда оның жүзінен бір мейірімділік көрініп тұратын. Агентте де сезім туралы айта береді, кешірші мен ақымақпын... Басқа ақталу жоқ.... 

 

Опшым бәрін "наққа" жіберетін күн жақын )))