Қазақ елі-мәңгілік ел

Қазақ елі-мәңгілік ел
жеке
блог

  «Қазақ елі – өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел.» - деген Ғабит Мүсіреповтің асыл сөздерінен  "қазақ"  этнонимі мен этносына тән ең бір ерекшелікті айқын аңғаруға болады. Сонау заманнан қалыптасқан халықтың қанша жүз ғасыр қиын-кескі заман өткергендігі бәрімізге дерлік тайға таңба басқандай айқын жеткізіліп, тарихта жазылып қалған. Қазақ хандығы құрылған қасиетті күнге дейін де, одан кейін де межелеген дәл осы "Тәуелсіздік" мәресіне жеткенше қан мен тер бірдей төгіліп, қилы заманды өткеруі бірімізге үлгі, бірімізге шеті-қиыры жоқ тарихтың түбі, тамыры. Түркітілдес этностардың бір бөлігін құраған қазақтың қаны бойымызды шымырлатып, "тек алға" деп атой салатындай, тіпті. Керей мен Жәнібек бастап салып берген қасиетті жол мен бағыт, қазірде "Мәңгілік ел" болуымыздың бірден-бір әрі түпкі себебі.
    Хандық құрылғаннан соң қазаққа қара бұлт үйірткен жоңғарлардың кесірі тым көп те еді. XVIII ғасырдың 23-25 жылдар аралығында "Елім-ай" деп зар илеген қара халық  "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның"  бір құрбанына айналып, Голощекиннің солақай, озбырлық саясатының да дәмін татып, аштықтан ішегі шырылдаған тар заманды да бастан өткерді. Атын естігенде денеге тітіркендіргіш реакциясын беретін сұм соғысты көрген қайыспас мықтыларым,  Ауғанның отты күндерін көріп, желтоқсанның өңменіңнен өтерлік суығы мен қанды дауылына да шыдап бақты. Қаншама еңбек, қаншама тер!  Азапты күндерді бастан өткерген халықтың "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға"  қол деткізуі хақ. Сондағы бір мақсат! Бір ғана мақсат-егемендік . Ұрпағының лақтырған тастан торғайларша үркуі емес,  "Міне, менмін қазақ" деп кеудесін қаға, еркін айтуында еді. 1991 жылы таралған жаңалық әр қазақ пен әрбір Қазақстандықтың құлағына майдай жақты емес пе? Жыл бойы емес, ғасыр бойы аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткізу-"Мәңгілік елдің" қирамас іргетасын қалап үлгергенді.
      Мәңгілік ел - ол шексіз арман, бақытты балдырған шақ, тыныш орта, этнос, тарих, мәдениет, жайқалған қала, гүлденген ел, біртұтас халық пен берекелі шаңырақ, ата-баба сан мың жыл аңсаған қасиетті арман. ҚР алғашқы президенті Н.Ә.Назарбаев:«Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел»-деді. Тұтастай алғанда  Мәңгілік елді  табыстап кеткен ата-баба рухы, оны жалғастыру келер ұрпақ пен біз және сіз! Елді құрудан гөрі, оны берік етіп ұстап қалу әлдеқайда күрделі іс. "Айдың он бес күні қараңы болса, он бес күні жарық, қайғы артынан қуаныш".  Тіпті, тыныстап жатқан ауамныздың өзіне де шүкіршілік айтатын кезең. Мәңгілік ел болып қалыптасу үшін төгілген маңдай тердің өтелімі-оны ары қарай өсіп-өркендету мен жаңғыртуда болмақ. 130-дан астам ұлт өкілдерін қос қанатының  астына алған қазақ елінің алар асуы әлі биікте. Елбасы ұсынған идеялар мен тың жобалардың да қазіргі жылдарда тез қарқынмен болмаса да, өз бабымен жүзеге асып жатқандығы қуантады. Дәуірдің добалаң дөрекіліктерінен өткен еліміздің болашағын жарқын етіп, дамыған 50 ел қатарына қосу да, оны міз қаққызбай осы қалпында қалдыру да әр тұлғадан құралған отбасы, отбасыдан құралған халық, халықтан құралған тұтас елдің қолында екенін әр азамат ұғынуға тиісті.
      "Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз. Енді Алашты ешкімнің, қорлығына бермейміз" (1917 ж.)-деген Сұлтанмахмұт Торайғыровтың осы бір жалынды, жайсаң, сенімді сөйлемдері "Қазақ елі-мәңгілік ел" екендігін ертерек құлақхабардар еткендей. Айтқандай-ақ,  "Елбасы медальі"  жобасы, "Рухани жаңғыру " бағдарламасы," Жеті жарғы"бағыты осы мақсатты тек сөз жүзінде емес, іс жүзінде дәлелдеуге себепкер болды. Бағдарлама айналасында тұлға тек білімі мен өзін сынап қана қоймай, сана-сезімінде патриоттық артықшылықтарға көп мүмкіндік береді. Қазақ пен Қазақстан үшін аты аталған жобалардың үлесі біршама. Патриоттық сезімді туындату бірнеше минут болғанымен, оны дәлелдеу іште жатқан рухпен тікелей байланысады. Қазақ атауы мен елдің біртұтас бірігуі өте ұзақ мерзімдерді қамтитын өте ұзақ процесстердің ең жүйелісін құрады. Осы мезетте,  Мәңгілік елдің тұтастығын бірқалыпта ұстап тұру үшін әр тетікті дұрыс басуды еске алған жөн. Қазіргі Қазақстанның жағдайы тар заманмен салыстырғанда жүбәр тастай,бағалауға тым тұрарлық.Қазіргі мақсат:ел экономикасын алға тартып,саяси және әлеуметтік деңгейді барынша реттеу. Дамыған тәуелсіз мемлекеттер арасынан өте  үздіктердің біріне ену. Ұлы даланың шытырманға толы тарихының жалғыз шығар жолы-Мәңгілік елге бастап әкелді.Көштің басы киеліге бет бұрды.Кезінде зар илеп қол жеткізе алмаған бақыт-қазір біздің қолымызда тұр.Тек оны демеп,мәуелі ағаштай шырмалата биікке өрлету керек.Қазақ елі-Мәңгілік ел және мәңгілік Тәуелсіз. 3 бәйтерек,5 арыстың қаны дараған жанымыз Қазақ елі үшін кеудемізден шығып кеткенше қызмет етпек. Арайлы таңдарымыз бен тыныш түндеріміз мәңгілікке жалғассын!
     « Дүниеде тәуелсiз Қазақ елi бар;
Әлемде егемен Қазақстан бар;
Оның көпұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар;
Қуатты экономикасы, сенiмдi саяси жүйесi бар;
Ең бастысы – бүгiннен нұрлы, бүгiннен кемел болашағы бар;
Сол күнге берiк сенiмi бар!»-Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев.