Жүрегі жарты, мұңлы жан
жеке
блог

Жүрегі жарты, мұңлы жан

Адамның бәрінен
Күдерін үзбестен жылылық сұрайды
Зауқы жоқ жан рахат алуға тірліктің нәрінен
Мақсаты — Адам боп қалуда
Ал, жалғыз қалғанда жылайды
Тынышы талақ, шулы жан… 

Білінбей өтетін уақыттың асау бір лебімен
Сан жылдар өтсе де тапжылмай
Қарғысын айтар атына бейкүнә шабыттың
Жүрегі қан жылай.
Басар ма бұл байғұс әлемді кеңінен?!
Өмірі азап — жырлы жан…

Қай жерде адасты?
Қай жерде жаңылды өмірлік жолынан?!
Тұңғиық тереңге тұншығып барады
Адамға жалынды, дауысы қарылды…
Періште бар ма екен тартатын қолынан?
Әлде,
Оған да бейтаныс рақымдық аралы…
Жағдайы тым ауыр, жан аяр бір хәлде
Жылылық іздейді оңынан, солынан
Алыста қалған, 
Жүрегі жарты, мұңлы жан…