Конституция күні мерекелік іс-шара аталып өтті

Конституция күні мерекелік іс-шара аталып өтті
жеке
блог

2021 жылы 28-тамызда Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің ГМ-172/10 мекемесінде «30-тамыз Қазақстан Республикасының  Конституция» күні мерекесіне орай жазасын өтеуші сотталғандарға арналған мерекелік іс-шара барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып  өткізілді. Мерекелік іс-шара  ашылу салтанаты  Қазақстан Республикасының ән ұранымен ашылып, Арнайы контингенттер арасындағы әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмыс бөлімі бастығы әділет майоры Ғабит Ыдырысович  Бердишевтың құттықтау сөзімен басталды.

Мекемеде жазасын өтеуші сотталған Б.Донбаев мерекелік іс-шараны жүргізді.

Іс-шарада 30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесі туралы  бейнеролик көрсетілді.

Сонымен  шаруашылық және оқшауланған аймақтағы жазасын өтеушілер сотталған Е.Аманов, Д.Тасжарганов, Э.Узбеков, Ж.Ажмамбетов, Қ.Ұзақұлы, Ж.Байтурова, А.Медагулова, С.Турганбаев өлең шумақтарын айтты. Шаруашылық жасағындағы жазасын өтеуші сотталған А.Абдимуратов, «Бір дана гүл», «Ауылым менің», «Менің қазақстаным»  атты әнін орындады.

Сонымен қатар викториналық  сұрақ  жауап ойындары ұйымдастырылды.

Іс-шара соңында Тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры Ғ.Бердишев  ертең яғни 29-тамыз күні  қол күрес, арқан тартыс, кір тасын көтеру, шахмат, үстел теннисі бойынша спорттық ойындар  ұйымдастырылатынын айтты.