Алыстап бара жатқан бір арман

Алыстап бара жатқан бір арман
жеке
блог

Алғашқы махаббатым есімі-Тұнық. Ол Аягөзде, өзіміз оқыған мектепте сабақ береді. Аягөзге барғанда көремін, ортақ таныстарымыз бар. Бірде дәл қай ай екені есімде жоқ, көңілсіз күздің бір күні интернатка аппақ, шашы ұзын қызды екі ер адам жетектеп әкелді. Оның кім екенін білу үшін, асханаға ерте түстім елден бұрын сол кезден бастап әлгі аққыздың жүрген жерін аңдитын болдым. Анау айтқандай махаббаттың не екенін кітаптан ғана білемін. Уақыт өте келе барлық тіршілік иесі оянып жайма шуақ, күнің көзі барлық жер дүниені елжіретіп, сезімдерді оятатын шақта мен оған сөз салдым, көңілімнің құлағанын , жақсы көретінімді айтым. Айтқанда көптен көңілімді тұнып тұрған сөздерді ашық түрде салмақты қылып жеткізуге тырыстым (іштей діріл жоқ емес бар), жауабын асықпауын ойланып беруін есіне салып әйтеу қойшы үлкендердің үйретуімен жеткіздім ғой. Ал ол болса теріс айналып жүгіре жөнелді. Ол кездері көп кітап оқитынмын. Оқыған кітаптарымды достарыма Тұныққа да оқы деп ұсынатынмын. Оқыған кітаптарды бірге талдайтынбыз. Содан бірде бір кітапты әкеп берді, ішін ашсам , нақты сөзбе сөз есімде жоқ бірақ мындай мағынасы есімде «әуре болма, сенде осы уақытқа дейін қыз жоқ болды дегеге мен сенгелі жатырмын, мені бұл сөздеріңмен иландыра алмайсың» деп бір мақалы бар хат жатыр. Содан далада көктем менім өмірімде күз басталды әлгіндей жауап алған соң. Иа ауырдым, махабат ауыруымен. 9-шыны бітірдік, арман қуып колледжге оқуға кететін болдым. Сабақтар аяқталды, тып-тыныш бірінен бірі аумайтын күндер басталды. Оған ерегесіп мүлдем қыз атаулыға жолап, не олармен ойнап, құшақтап қолтықтамай кеттім. (қазірше өкінемін, не қырдым десенші сонда) Содан қойшы әйтеу студент атанып қалаға кеттім, ол қалды интернатта. Мен кетерден бір күн бұрын дискотека жасадық, сол түні мен бала махаббатымен алғашқыда соңғы рет кездестім. Өкінемін, алғашқы махаббатымның ғұмыры қысқа болғанына. Дәл қазір сол кездердегі балғын сезімдерді ат басындай алтын берсемде ешкім маған сыйлай алмайды,алғашқы махаббатымды сезінгендей сезімдер менім арманым болып алыстап барады. Содан кейінгі тірліктерім ұстатпайтын сағымды қуғанмен бірдей. Асыл арман тым, тым алыстап кетті....