ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ "ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ"

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ "ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ"
жеке
блог

ГМ-172/10 мекемесінде шаруашылық жасақ және оқшауланған аймақтағы сотталған азаматтармен «Отбасы құндылықтары» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингті мекеменің психологы әділет аға лейтенанты Т.М.Жиембаева өткізді.

Тренинг барысында «Мен және менің отбасым» жаттығуы, «Отбасылық құндылық ағашы»

шығармашылық жұмысы өткізілді және «Отбасы деніміз не?», «Отбасының берекесін қалай сақтауға болады» деген тақырыптарда бейне – роликтер корсетілді,

күйзелістен арылуға арналған релаксациялық жаттығуы орындалды. «Мен және менің отбасым» жаттығуының мақсаты сотталған азаматтардың бір бірімен қарым-қатынас мәдениетін жүзеге асыруға бағытталды, «Отбасылық құндылық ағашы» шығармашылық жұмысы сотталғандарға отбасының құндылықтарын бағалап, шығармашылық қасиеттерын ашу болды.

Тренинг соңында тест, сонымен қатар оптимистік бағдарды анықтауға арналған сауалнама алынды. Тренингке барлық сотталған азаматтар белсене қатысыты. Жаттығулардан кейін қатысушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, дем алып, рухани толысты.