Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Будапештегі алғашқы күндер

Будапештегі алғашқы күндер

Будапештегі алғашқы күндер

Ар ма, ағайын?!

Киев әуежайында келесі рейске тіркеуден өтіп, Будапешт, қайдасың деп ұшаққа міндік. Алақандай ғана ұшақтың іші сондай ыстық, тезірек жетсек деумен болдық. Сонымен, бір сағат елу минутты артқа тастап, Мадияр елінің астанасына табан тіредік.

Әуежайда біраз тұрып қалдық. Жүктерімізді ала алмай әбден әбігерге түстік. Сапар,саяхатты жоспарлап жүрген жандарға айтарым, «Аэросвит» авиакомпаниясының қызметіне жүгінбеңіздер, біз сияқты шаршап, мазаланып бітесіздер.

Кейін қарсы алу алаңына шықсақ, алдымыздан көк туымыз мен мұндалап желбіреп тұр. Мадияр халқы бізді асыға күткендері көрініп-ақ тұр. Әрқайсысымыздың қолымыздан алып, ерекше ықыласпен күтіп алды. Көк байрақ жанында өмірі суретке түспеген жабайы адам сияқты кезекпен улап-шулап түстік. Арасында Қорлан қуыршағыммен мен де бармын))))))

Автобусқа мініп, қонақ үйге жеттік. Жолда қала тынысын бақылап, таныстық. Қонақүйге келіп, бөлмемізге жайғаса беріп едік, «Ұйықтамаңдар! Кетеміз!» деген бұйрық келді. Біздің уақытпен түнгі үштен көз ілмеген біз жиналып кешкі асқа қала шетіндегі кішкентай қалашыққа келдік. Өте әдемі үйлері бар шағын қалашық сондай таза, ағаш гүлдері жайқалып, әсемдік беріп тұр. Біздің ауылдардағыдай малдың қиы, шұңқыр жолдар атымен жоқ. Ауасы да таза. Керемет!


Кешкі ас далада киіз үйлер тігілген алаңда өтті. Ас ішпес бұрын бізге мажар жігіттері өнерін көрсетті. Садақ ату, атқа жайдақ міну, ат үстіндегі күрес, көкпар т.с.с көріп, «Бәрекелді» деумен болдық. Кейін дастарханға отырып, қуырдақ, күріш көжеге ұқсас тамақтан ауыз тидік. Өз атаулары бар, оны ұмытып қалдым. Мажар халқы да қазақтар сияқты сыйлы қонақтарына қойдың басын тартады екен. Біздің дастарханға да тартты. Алайда, қойдың басы емес, оның жіппен байланған сүйегін әкелді. Басында түсінбей қалдық. Сөйтсек, жіп байланғаны татулықтың, бауырлас, бірліктің нышаны екен. Біздің делегация басшысы Айбек аға пышақпен сол жіпті кесіп қалғанда сүйектен ет шықты. Менің түсінгенімше, олар етті пісіріп алып, кейін сүйекке салып, жіппен байлап тастайды. Сыйлы қонақтың бірі болып, сол еттен ауыз тидік мына біз.


Кеште бізбен бірге Бурятия, Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан елдерден келген делегация мүшелері болды. Барлығымыз танысып, білісіп, ән айтып кешті өткіздік. Түннің бір уағында қонақүйге, әйтеуір, жетіп, жастықты жастануға ұмтылдық.

Кеше бізге қаланы көрсетіп, шағын экскурссия ұйымдастырды. Түстен кейін біраз демалған соң, кешкі асқа дайындалдық. Кешкі аста қалған қонақтарды қарсы алып, бірге тамақтандық. 

Осылай Будапештегі алғашқы күндер өтті. Өкінішке орай, интернет желісіне қосылу мүмкін емес. Қонақүйдегі желіс жөнді істемейді. Сондықтан да, уақытылы жауап жазып, жазбамды қосып жатпасам, айып етпеңіздер. Рахмет!

Сөз соңында. Менің қонақүйдегі бөлмемнен түсірген суреттерім


7
Рейтинг: +5

Жазылған уақыты: 09 тамыз 2012, 09:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.