ДІН ЖӘНЕ ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ – ЛАҢКЕСТІККЕ ҚАРСЫ ТҰРУ ЖОЛЫ
жеке
блог

ДІН ЖӘНЕ ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ – ЛАҢКЕСТІККЕ ҚАРСЫ ТҰРУ ЖОЛЫ

Дін мен қоғам бір – бірінен ажырамайтын феномендер. Дін қоғамдық құбылыс, ал қоғам мемлекеттің субстанциясы. Дін адам мен шексіз болмы арасындағы байланысты білдіретін сана. Ешбір ғылым, ешбір білім саласы адамның бүкіл ғаламдық болмыспен байланысын да дін сияқты айта алмайды. Діннің өрбитін, өсетін, өнетін, көркейетін жері – бір ұлттың, бір аймақтың сол жердегі әлеуметтік уақытына байланысты. Діннің тарихи – табиғи негізін дұрыс түсіну 4461 басты мәселе. Дінді дұрыс түсіну және түсіндіру (діннің адам, қоғам өмірінде алатын маңызын) мемлекеттіміздің өркениетті дамуына апарар даңғыл жол. 

      Діниэкстремизм мен лаңкестік – бүкіл әлемдік құбылыс. Қазіргі кезеңде лаңксестік пен экстремизмге қарсы қоғам болу күресу мәселесі туындауда. Бүгінгі таңда ақпарат құралдары және көптеген саясаткерлер лаңкестікті XXI ғасырдың өте қауіпті дерті деп бағалауда.Исламның өз болмысында ешқандай да агрессияшылдык жоқ. Алайда өз басым экстремизм мен лаңкестікті дінге байланыстырып атауға қарсымын.   

       Лаңкестіктің өсуіне мынадай факторлар әсер етеді: саяси-әлеуметтік және экономикалық дағдарыс, халықтың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі мен жұмыссыздықтың өсуі, ұлттық және діни қайшылықтардың шиеленісуі, т.б. Лаңкестікке қарсы алдын алу шараларының қатарына: қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылығын, азаматтардың экономикалық, саяси, ұлттық, діни, т.б. құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету; адам құқығы жөніндегі мемлекеттік органдар мен қоғамдық органдардың жұмысын жетілдіру; қоғамда жоғары саяси және құқықтық мәдениет қалыптастыру; қару-жарақ рыногіне, соның ішінде жаппай қырып-жою құралдарына мемлекеттік және халықаралық бақылау жасау, т.б. Дүниежүзілік қауымдастық Лаңкестікке қарсы бірқатар халықаралық-құқықтық құжаттар қабылдады (Әуе кемелеріне жасалған қылмыстық және басқа да әрекеттер туралы конвенция (1963); Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күрес туралы конвенция (1971); Лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес туралы конвенция (1999), т.б. 1994 ж. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 49-сессиясында қабылданған “Халықаралық лаңкестікті жою шаралары туралы” декларацияда Лаңкестікпен күрестегі халықаралық ынтымақтастық шаралары белгіленді. ТМД мемлекеттері арасында көпжақты келісімдер жасалып, Лаңкестікке қарсы орталық құрылды (2000). Орта Азия мемлекеттері 2000 ж. Ташкентте өткен саммитте “Лаңкестікпен, саяси және діни экстремизммен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басқа да қатерімен күресте бірлескен іс-әрекет туралы” келісімге қол қойды. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде халықар. Лаңкестікпен және экстремизммен күрес шаралары белгіленген

 

Қазіргі кезде діни экстремизм ғасыр індетіне айналып, әлеуметтік ғылымдарының әр түрлі салаларының назарын өзіне аудартуда. Оны саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, конфликтология бойынша мамандар, әлеуметтік және мінез-құлық психологтары, теологтар, криминологтар, философтар, заңгерлер және басқа мамандық иелері зерттеуге талпынуда. Бұл зерттеушілер өз пәндерінің аспектілері бойынша зерделеу, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатса да, әлі де барлығының бірлескен ұжымдық кешенді зерттеу еңбектері жеткіліксіз. Себебі діни экстремизм өте күрделі әлеуметтік-құқықтық, саяси және этно-психологиялық мәселе бола отырып, көпаспектілі болып табылады, яғни артықшылық, діни алауыздық, жеккөрушілік, дінді саясаттандыру және тағы басқа сияқты ең шеткі қисынсыз көзқарастары мен әрекеттері арқылы пайда болатын қоғамға қауіпті құбылыс болып табылады.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Дінтану мамандығының 3-курс студенті

Жанадилова Аружан

Жетекші: Аға оқытушы, phd Мұқан Нұрзат

www.kaznu.kz