Қазақты иманнан басқа ештеңе құтқармайды!

Қазақты иманнан басқа ештеңе құтқармайды!
жеке
блог

  Діни құндылықтар қоғамда салтанат құрмаған жағдайда,ел ішінде түрлі жағымсыз қылықтар орын алатыны күмәнсіз.Жастарымызды құрдымға тартқан нашақорлық,маскүнемдік,жөзекшелік сияқты құбылыстар түптеп келгенде осының салдары.Үйлене салып ажырасулар,тастанды балалар,жетімдер үйіндегі көзі мөлдіреген бүлдіршіндер мен санасыз ұрпақтан үмітін үзген қарттар үйіне қамалған қасіретті қариялар,бәрі де осы рухани таяздықтан.Жылына 200 000-нан астам әйел түсік жасатады.Жасырын түрде жасататындардың саны одан да көп.Қазақстандағы жетім балалардың саны 46 000-нан асады.Жүзден аса балалар үйі жұмыс істейді.Ол аз болғандай,елдің діни сауатының төмендігі мен рухани аштығын өз мүддесіне пайдаланып жүрген топтар қаншама.Қомақты қаржыландыру көздерінен есепсіз қолдау алған өзге дін өкілдерінің миссионерлері,ел арасында алшаң басып талай мықты жігіттеріміз бен қаракөз қандастарымызды шатастырып,шырмауларына түсіріп жатыр.Бұл қазір қасіретті жағдай.Кейбір мысық тілеу миссионерлердің бір ғана кітабы Қазақ жерінде бір миллион данамен басылған.Мұндай құбылыстарға төтеп беретін жалғыз жол,асыл дініміз Исламды,дәстүрлі дінімізді кеңінен насихаттап,ел санасына дұрыс ақпаратты көбірек сіңіріп,бөтен,шала,теріс идеологиядан сақтап қалу.Бұл тек ҚМДБ-ғана жүктелген жұмыс емес,ел болып жұмыла көтерілуге тиіс әр азаматқа жүктелген үлкен міндет.