"АҚ ЖОЛҒА" "ҚАЗАҚСТАННЫҢ" КЕРЕГІ ЖОҚ ПА?

"АҚ ЖОЛҒА" "ҚАЗАҚСТАННЫҢ" КЕРЕГІ ЖОҚ ПА?
жеке
блог

Біз білетін "Ақ жол" партиясы ілгеріде "Қазақстанның демократиялық партиясы" деп жазылатын еді. Әлихан мемлекеттің "отдел кадры" болып, орнына "Атамекенінен" Азат келгелі осы партияның атуына бір өзгеріс енгенін байқаймыз. Толыққанды өзгеріс деуге де келмейтін шығар. Әзірге бұрынғы қалпында да, өзгерген түрінде де жазылып жүр. Қалай дейсіз бе? Былай: "Ақ жол" Демократиялық партиясын. Сонда "Қазақстан" деген қайда кеткен деп ойлаймыз ғой баяғы. Азат пен "Қазақстанның" арасы онша емес пе, әлде екеуі бірдеңеге келісе алмай қалды ма, ол арасын білмедік. Бірақ кейінгі кездері осылай көп жазылып жүр. Неге екен?