Қазақ солдаты Салахаддин Омаров

Қазақ солдаты Салахаддин Омаров
жеке
блог

 

            «Соғыс – халықтың күш-қуатын, ерлік-жігерін сынайтын ұлы емтихан»

                                             Б.Момышұлы

       1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4-те тыныш ұйқыда жатқан елге фашистiк Герма­нияның қарулы әскерi Белорус­сия  жерiне  басып кiредi.        Сұрқия соғыс біздің Қазақстаннан да аттап өтпеді.

       Сол сұрапыл сұм соғысқа  Алматы облыс Жамбыл ауданы Қарғалы ауылынан бірнеше жауынгер аттанған болатын. Солардың бірі Омаров Салахатдин Омарұлы 1916 жылы Павлодар облысы Ақсу ауданы төртінші ауылдық округінде туып, бала күнінде Қарғалы ауылына көшіп келеді.  Қызыл армия қатарына 1940 жылы  Жамбыл аудандық военкоматтан Қарғалы Шұға комбинатында есепші болып жүрген кезінде шақырту алып аттанды.

       Омаров Салахадин Омарович Өзбекстанның Андижан қаласында әскери борышын өтеп жүріп, 1941 жылы соғыс басталғанда Солтүстік-Сібірге жолдама алды. Оларды  таң ата батысқа қарай алып жөнеледі. Эшелон тоқтаған әрбір станцияда бұларға жергілікті халық қолдарында бар тамақтарын беріп, ақ ниеттерін көрсетіп отырған. Межелі жерге жеткен кезде,  бірден ұрысқа кіріскен. Соғыстың қайнаған ортасына түскен қазақ жауынгері еркін даланың ерлігін жасай алды. Абин, Қырым бағытындағы соғыстарда өзін ержүрек командир ретінде көрсете алды. Лейтенант Салахаддин Омаров 490 атқыштар – артиреллиялық полкының камандирі болып, жауынгерлерімен жаудың жасақтарына тойтарыс берді. Жас қазақ жігітінің ерлік ісіне тәнті болады.   Абин, Қырым төңірегінде 5 ай бойы неміс оккупанттарымен беріспей соғысып, ерлік көрсеткені үшін взвод командирі Салахаддин Омаров 1943 жылдың 25 шілдесінде «Қызыл жұлдыз» орденімен марапаттады.

   1944 жылы 15 қарашасында Салахадин Омаров өз туыстарына соңғы хатын жолдады. Онда туыстарынан көптен хабар алмағанын айта отырып, көз көрген достары туралы сұрайды.

    Хат мазмұны Сәлем бауырым, Кабыш. Бәріңе фронттан жалынды сәлем. Көптен бері хабар алмадым. Қазіргі жағдайым жақсы. Көптен бері хат жазбағаныма өкініп отырмын. Хабарсыз кеткеніме кешірім сұраймын. Сендерден нақтырақ айтсам 1943 жылдың сәуір, мамыр айынан бері хабар ала алмаппын. Егер менің қайда екендігім қызықтырса. Мен қазір Литвадамын. Жақын достарым: Джурунов, Бабаков, Кряковтарға сәлем айтарсың. Бірақ оларға фронттағы өмір қызық еместе шығар. Дегенмен тылдағы еңбек те жеңіл емес. Сәлемнен, бауырың Салахаддин. 15.11.1944 жыл.

     Бірақ Салахаддин Омаров хаттың жауабын күтпей, көп ұзамай көз жұмды. Ерлікпен қаза тапты. Жауынгердің денесі Литваның солтүстігінде орналасқан Шяуляй қаласында жерленген. Туған жерді аңсаған жауынгерге жат жердегі бауырларстар зиратынан орын берді. Бұл тек бір ғана жауынгердің жазған хаты мен тағдыры. Еліне жеріне деген сағынышын баса алмай қаншама боздақтар көз жұмды.