Заманауи субмәдениеттегі дәстүрлі емес діни ағымдар әсері
жеке
блог

Заманауи субмәдениеттегі дәстүрлі емес діни ағымдар әсері

Бүгінгі күні Батыстан келген субмәдениеттер дүниежүзіне кеңінен  тараған. Аталған топтарға әсіресе, жасөспірімдер, студенттер қатарының қызығушылығы  аса басым.Субмәдениет – қоғам мәдениетінің бір бөлігі болғандықтан, жастар арасындағы субмәдениетті жастардың өздері қалыптастырады.

Ғылымда «субмәдениет» термині латын тілінің «sub – төменгі», неміс тілінің «kultur– мәдениет» деген ұғымнан шыққанын түсіндіреді. Қоғам мәдениетінің белгілі бір бөлігі болып табылатын топтарды субмәдениетке жатқызамыз. Мұндай топтар қоғамдағы қандай да бір саяси оқиғаларға, әлеуметтік қозғалыстарға байланысты пайда болады. Олар топтар және бейресми бірлестіктерден тұрады. . «Субмәдениет» терминін 1950 жылы американдық социолог Дэвид Райзман ғылымға енгізген екен. Субмәдениеттің негізгі тірегі-жастар. Сол жастар арқылы жаман мәдениет жасап, былайша айтқанда «алдыңғы қатарлы озық» мәдениет арқылы қоғамға ықпал ету

Соңғы Күн Әулиелерінің  Иисус Христос шіркеуі

(мормон дар)

Мормондар шіркеуі немесе жай ғана мормондар - АҚШ-тағы ең үлкен төрт конфессияның бірі. Соңғы күн әулиелері қозғалысы - Джозеф Смит негізін салған дүниежүзіндегі ең үлкен конфессия. Шіркеу Солт-Лейк-Сити қаласында орналасқан. Сол үшін де Юта штатының түрғындары Соңғы күн әулиелері шіркеуіне келушілер болып саналады.Иса пайғамбар - бұл діни сенім өкілдерінің пайымдауынша, осы шіркеудің пірі, басшысы. Пайғамбар шіркеуді әулиелердің әулиесіне берілетін қасиет бойынша басқарады деген сенім бар. Бұл шіркеудегі ең жоғары лауазым - шіркеу президенті. Оны келушілер пайғамбардан кейінгі қасиетті адам, апостол деп есептейді. Шіркеу бұл атауды ресми түрде 1838 жылы 16 сәуірде алған Соңғы күн әулиесі - Джозеф Смит негізін салған діни ілімді ұстанатын «Соңғы күн әулиелері» қозғалысын насихаттаушы.Пайғамбарларын құрметтейтін «Соңғы күн әулиелері» шіркеуінің қызмет етушілері қасиетті төрт кітаптың бірі Інжілде «Құдайдың сөзі» жазылған деп біледі.

Сатанизм, шайтанға табынушылық — XIX ғасырда пайда болған бірқатар оккультті-діни идеялар, дүниетанымдар мен сенімдер.Онда шайтанның бейнесі күш пен еркіндіктің символы ретінде түсіндіріледі.Шайтандық культтер христиан мәдениетінен бас тарту нұсқасы ретінде қарастырылады. Олардың бар болуы шайтанның ең күшті жақтаушылары болып көрінетіндігімен түсіндіріледі, оларға қалаған нәрселерін беруге мүмкіндіктері бар.Ең алғашқы сатанистік дәстүр б.з. д. 3200 жылдан Ежелгі Египет құдайы негізінде  басталды.

XIX ғасырда,сатанистер  Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда пайда болды. Алистер Кроули 1947 жылы пұтқа табынушылық және жыныстық сиқыр туралы идеяларымен жаратушы болған деп есептелді. Ол өзінің рәсімдерін еврей-христиандық принциптерге негіздеді және кейінірек жануарларды құрбандыққа шалу, заңсыз есірткімен тәжірибе жасау  үшін айыпталды. Сатанизмнің пайда болуы 1966 жылы Вальпургияда Антон Шандоро Ла Вэй түнінде басталды деп айтылады. Ол жеке бостандық пен индивидуализмге сенді және "Шайтан шіркеуін"құрды.

Қазіргі заманғы жастардың суб-мәдениетіндегі дәстүрлі емес діни ағымдардың(сатанизм,мормондар)әсері мен көрінісі.Қазіргі кезде субмәдениет арасындағы танымал бағыты поп-музыка болып табылады.Поп-музыка дегеніміз не? Поп-музыканың анықтамасы икемді. Бұл поп-ретінде анықталған ерекше музыканың үнемі өзгеріп жатқандығын дәлелдейді. Кез-келген нақты сәтте поп-музыканы поп-музыкалық диаграммаларда табысты деп тану оңайырақ болуы мүмкін. Соңғы 50 жылда эстрадалық диаграммалардағы ең сәтті музыкалық стильдер үнемі өзгеріп, дами бастады.Дегенмен, біз поп-музыка деп білетін нәрселердің бірқалыпты үлгілері бар

Осы айтылған поп музыкадан сатаннистік бағыттарды кеңінен кездестіруге болады.Backmasking–бұл өлеңді немесе дыбысты алдынан артынан емес,артынан алдына қарай жазу.Былайша айтқанда сатанистер өлеңді алдынан артынан қарай жазады да ,бірақ өлеңді алдынан артынан қарай тыңдайсыз. Бұның фишкасы,сатанистер осылайша жасырған сөздерін өлеңге тығып қояды.Оны табу үшін өлеңді кері қарай жібересіз.Өлеңді кері қарай айналдыру техникасын алғаш рет «Сиқыр кітапта» жазылған.Оның авторы Алистер Кроусли.Бұл адам көпшіліктің айтуынша ең арсыз адам.Негізінде оккультист,сиқыршы,Люцивер.Кроули өзінің өмірінде 6 адамды құрбандыққа жалған.Бұл техниканы алғашқылардың бірі болып  «Beatles» тобы қолданған екен. Олардың  Revolution 9 әніндегі «Number 9 number 9»дегенді керісінше тыңдағанда «Өлік мені іске қос» деген сөздерді естуге болады.   Қазірде әлемге әйгілі көптеген батыстық поп музыка әншілері өзінің сатанист екендіктерін мойындаған.Оларға мысал ретінде Леди Гага,Мадонна,Рианна және тағы басқаларды жатқызуға болады.Ал Ресейлік эстрада Ольга Бузова,Егор Крид сынды танымал жұлдыздырды жатқызуға болады.

Байқанымыздай,қазіргі масс медиа мен жастар тыңдайтын музыка жанрларын дәстүрлі емес діни ағымдардың көптеген белгілерін байқауға болады.Бұлардың өскелең ұрпаққа қандай әсері бар деген сұрақ анық туындауы керек.Жұмыста көрсетілгендей бұл дәстүрлі емес діни ағымдардың негізгі мақсаты мен идеологиясы-адамдар өзі не қаласа соны істеуі керек.Мейлі ол нашар,мейлі ол жақсы іс болсын.Әр адам өзі үшін өмір сүреді,сол себепті адам үшін ең алдымен өз қара басы болу керек делінеді.Қарап отарсаңыз, өте қорқынышты иделогия.Бұндай ойды бойына сіңіріп,өсетін ұрпақтың тағдырымен істер ісін елестету тіпті қорқынышты.Өз кезегінде бұл ұйымдар осы ойлары мен түрлі жұмыстар атқаруда.Қазіргі заманғы ақпарат кеңістігіне дендеп еніп кіріп бара жатқан бұл ұйымдар өздерінің коммерциялық мәселелерінде ұтымды шешуде.Тек қана медиа,субмәдениет жанрларында ғана емес ,әлеуметтік желілер мен сайттарда бұл ұйымдар аса танымал.Одан қалса,қазіргі жасөспірімдер ойнайтын түрлі ойындардан да бұл ұйымдардың белгілерін анық байқауға болады.Олардың алдын алмақ үшін не істеу керек,бұларды қалай тежеуге болады.Иә, бұл мәселе расында да  өте  маңызды.Себебі,осындай нәрселерді көру арқылы өскелең ұрпақ өсіп келеді.Меніңше ,ең алдымен отбасы институтын күшейту керек.Қазірде субмәдениет дүниежүзінде аса танымал.Соның ішінде Қазақстанда бар.

Пайданылған әдебиеттер

1. Шаттық Ашықбаева мақаласы https://massaget-kz.cdn.ampproject.org/v/s/massaget.kz/blogs/5074/amp/?amp_js_v=a6&amp_gsa=1&usqp=mq331AQHKAFQArABIA%3D%3D#aoh=16139941156635&referrer=https%3A%2F%2Fwww.google.com&amp_tf=%D0%A1%20%D1%81%D0%B0%D0%B9%D1%82%D0%B0%20%251%24s&ampshare=https%3A%2F%2Fmassaget.kz%2Fblogs%2F5074%2F

2.Қазіргі дәстүрден тыс діни қозғалыстар мен культтер Алматы,2009© Байтенова И Х (құрастырушы), Абжалов С., Бейсенов Б.,

Борбасова К,, Затов К , Курманалиева А., Мейрбаев Б., Рысбекова Ш.

 

                                               Қасымхан Дилнар

                                                Дінтану мамандығының 3-курс студенті

                                                Ғылыми жетекші: Phd,аға оқытушы Мұқан Нұрзат

                                                Практика жетекшісі Әскенұлы Елнұр,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы,гуманитарлық ғылымдар магистрі,дінтанушы

www.kaznu.kz