Өндірістік тәжірибе

Өндірістік тәжірибе
жеке
блог

                                               Өндірістік тәжірибе.

Мен Жақанбай Дархан Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дінтану мамандығында 3 курс тәмамдап өндірістік тәжірибеден өттім.Бұл өндірістік тәжірибеніАлматы облысы Кербұлақ ауданының Ішкі саясат бөлімінен өттім.Ішкі саясат бөлімінің басшысы Г.Д.Бекбатырова.

 Өндірістік тәжірибенің ең алғаш күні бізде Ішкі Саясат бөлімінің қызметкерлерімен танысу өтті. Кербұлақ аудандық діни мәселелер жөніндегі біліктілігі жоғары деңгейлі маман-дінтанушы Байжан Руслан Жұмабайұлын тағайындады.Байжан Руслан Жұмабайұлы алдағы уақытта атқаратын міндеттерімізбен таныстырды.Өндірістік тәжірибе барысында  күнделікті жіберілетін ескертпелерлі қабылдап,оларды сол мекеменің парақшаларына  салып,бақылап отырдым.Жәнеде жетекшіміз Руслан Жұмабайұлы жасалатын жылдық жоспармен таныстырды,және дін мәселесі бойынша жылдық жоспарды қалай жасау керектігін үйретті.Сол мекеменің паракшаларына кіріп “Діни салт-дәстүрлер”,”Деструктивті діни ағымдар” жайлы тақырыптарда тікелей эфирге кірдім.Жалпы осы парақшаларда іс шаралар өткізу арқылы өзімнің білімімді жетілдірдім.

Өндірістік тәжірибе бойынша қорытынды жасап отқан күндерді Руслан Байжанұлы тексеріп,өткен орындаған тапсырмаларды саралап шықтық.

Қорытындылай келе өндірістік тәжірибе ойдағыдай өтті,өзімді басқа қырлардан танып,дами түстім.Өзіме керек мағлұматтар жинадым.Және методикалық тәжірибе мен теориялық дайындығымды арттыра түстім. 

 

Дінтану мамандығының

3-курс студенті                           

Жақанбай Дархан

Жетекші:PhD аға оқытушы:Мұқан.Н

www.kaznu.kz