Шашыраған ой

Шашыраған ой
жеке
блог

Массагетке соңғы жазбам 15 мамырда жазылыпты. Бүгін Анара "блогерлер арасында сауал жүргізіп жатырмын" дейді. Өзімнің блогерсымақ екенімді ұмытып та кеттім. Бір жыл бұрын дәл осындай уақытта оn.kz желісінің лентасын аңдып отыратын едік, нағыз блогер болып... Қазір  бәрі басқаша...

Уақыт туралы ой келді кеше түнде.. Әлі ойымнан шықпайды. Тез өтіп жатқандай. Ойласам, кеше ғана өткен кей хикаялар жылдар бұрын болған екен...

Бұл уақыт жәйбасарлығыма көнбейді. Сондықтан, қимылыма жылдамдық қостым. Бәрін тез бітіруге талпынамын. Сол дұрыс...

Соңғы жазбамда диплом жұмысымды жазып жатқанымды айтыппын. Иә, жаздым, бітірдім, қорғадым! 5 алдым! Мемлекеттік емтихандарды да ойдағыдай тапсырдым. агент арқылы көмек берілді;) Сөйтіп, диплом алып, тарих пәнінің мұғалімі атандым. Бірақ, өзімді мұғалім рөлінде елестете де алмаймын. Бұл қыстыгүні өткен практикада дәлелденген...

 

(Бұл мен)

Жақында түскі асқа бара жатып, пешеходта көліктің астына түсе жаздадым. Сонда Болатбек мырза "Индиядағы сиырлар сияқты жүресің" деді. Расында, тым жәй жүремін. Сол күннен бастап тез жүруге дағдыланып жатырмын. Болатбекке рақмет айту керек! Айтпақшы, менің көлікке қағыла жаздаған бұл жағдай бірінші рет емес... Шүкіршілік етемін! Бір күш қорғап қалды сол жерде..

Мені бақытты еткен жаңалық - інілі болғаным. Нәрестеге қарай бергім келеді, тым кіттәй! Жаратқанның құдіретіне таң қаламын, қараған сайын...

 

(сурет менің "нәрестелер коллекциямнан". Ал інімді ешкімге көрсетпеймін!)

Қасиетті Рамазан айында олимпиададағы жерлестеріміздің асықтары алшысынан түсіп жатыр. Әр алтын алған сайын, шыңғырып қуанғаныма үйдегі әпкем куә. Автобуста да, базар, вокзал, әрбір кеңседе айтылып жатқан чемпиондар-нағыз жұлдыздар!!!

Айтпақшы, бүгін Мейіргүлмен түскен суретті тауып алдым. Қазір екеуміз де басқашамыз. Уақыттың өзгерткенін қарамайсыз ба?!

 

Бүгін бір жақыныма поездға мінбегеніме екі жыл болғанын айтып, өзім таң қалдым. Осы аптада Аралға сапар шегемін! Ура! Туған үйіме екі жылдан соң барайын деп жатырмын... Жұмыс істей беріппін, компьютер алдында шәй ішіп...:)

Жеңісті күндеріміз көп болсын! Жолда абайлап жүрейік.