НИДЕРЛАНД, ПОРТУГАЛИЯ, ФРАНЦИЯ... Келесі кім?
жеке
блог

НИДЕРЛАНД, ПОРТУГАЛИЯ, ФРАНЦИЯ... Келесі кім?

Еурододада күн сайын бір фаворит жарыстан шығып қалып жатыр. Алдын Поругалия мен Нидерланд жарысты аяқтаса, кеше күтпеген жерде Франция ұтылып қалды. Жалпы кешегі екі ойынның сценариі өте ұқсас болды, Франция мен Испания 80-минутқа дейін қарсыластарын 3:1 есебімен ұтып тұрды. Мұндай есепті қалған уақытта ұстап тұруға болады ғой. Бірақ Швейцария мен Хорватия басын имеді, соңғы минуттарда есепті 3:3-ке жеткізді.

Испания тәспісінен жаңылыспаса, Франция пенальтилер сериясында Швейцарияға жол берді. Кешегі ойындардың жалпы сипаттамасы осындай. Әр ойын жайлы тәптіштеп айтып отырудың қажеті де жоқ шығар, көпшілік қауым онсыз да керек мәліметті интернет ақтарып тауып алады.

Бұл чемпионатта гол жиі соғылып жатыр. Соңғы он ойында командалар 42 гол соғыпты! Чемпионат басталғалы 9 автогол көрдік (1960-2016 жылдар аралығында 9 автогол болған, биылғы турнир автоголдар саны бойынша сол 15 чемпионатпен бір-ақ теңесті).

Нидерланд – Чехия матчында қызық мәлімет тіркелді. Бұған дейін бүкіл Еуропа чемпионаттарында Нидерландтың үш футболшысы алаңнан қуылыпты. Үшеуі де чехтармен ойында. Бұл ойында да Де Лигт сол өздеері үшін жағымсыз дәстүрді жалғастырды.

Еуропа чемпионатының енді кезеңдері әлем және Еуропа чемпиондарынсыз жалғасады. Бәлкім Модрич, Бэйл, Роналду, Жиру, Льорис секілді футболшыларды келесі Еуропа чемпионатынан көрмейтін де болармыз.

Бүгін 1/8 финал ойындары мәреге жетеді. Бүгін Англия және Германия құрамаларының бірімен қоштасамыз.