Украинадан сәлем!

Украинадан сәлем!
жеке
блог

Сәлем, достар! Қалайсыздар? Кеше Батыр Ильяны қалай қарсы алдыңдар?! Таңертең барсам, әуежай тыныш. Тездетіп қарсы алып, тездетіп тарқаған ғой деп болжадым. Айтайын дегенім ол емес еді, негізі.

Таң атпастан әуежай табалдырығын аттап, тіркеуден өтіп, алып құсқа мініп, жол бойы жанымдағы жолсерік Галина Федорқызы апаймен әңгімелесіп, Украина астанасы Киевке келіп, қазір Борисполь әуежайында ноутбугымды құшақтап отырмын. Мойнымда Қазақ елі деп жазылған сары шарф, қолымда ақ көйлек киген қазақ қызы Қорлан бар. Атын өзім қойдым. Жолда әңгімелесумен қатар, сол Қорлан қуыршақпен ойнап келдім. Мені бұрыннан танитындар, бала күнінде қуыршақ ойнамаған дардай болғанда қуыршақ ойнап кеткен мына қызды жын ұрған ба дейтін шығар, ә?! 

Әуежай адамға лық толы. Әр елдің, әр ұлттың өкілдері бар. Маған қызыға қарауда. Қазақстаннан ба деп өзара шүйіркелесуде. 

Қазір тіркеуден өтіп, ноутбук құшақтап келесі рейсті күту үстіндемін. Украинадан Мадиярлар еліне Үлкен Тұран Құрылтайына аттанамын. Жанымда ел ағалары бар. Барлығымен тілдесіп, массагетті жарнамалап жүрмін. Солай))