Бақша қиял-ғажайыптары

Бақша   қиял-ғажайыптары
жеке
блог

           Көгалдандыру  барысында  байқайтынымыз, көптеген бақ  бір-біріне  ұқсас    болады.  Барлығына   ортақ   ағаш   пен   түрлі   өсімдік   егіледі. Сондықтан,  қосымша    бақ  мүсіндерін  қою  арқылы   бақты   табиғи түрге келтіруге болады.

         Гүл   дүкенінде, базарда    бақшаны   әдемілеуге   арналған  өсімдіктен  басқа  түрлі    заттарды сатып алу мүмкіншілігі   бар.  Тек    қиялыңызға   ерік    беріп,   қайталанбас  дизайн  жасап, бақшаңызды    ерекше    сәндеуіңізге   болады.

             Бақ    мүсіндерін   аулаға   орналастырудың   өзіндік   заңдылықтарын  журналдың  №2 санынан (2012 ж. қаңтар-ақпан)  оқи  аласыздар.

             Қорыта  келе  айтарымыз, күнделікті тұрмыста артық затты  тастаудың  алдында оған мұқият қараңыз, сіз   керексіз  деп  танығанмен, бір  нәрсеге  жарап  қалуы мүмкін.  Адамның  қиялы   шексіз.  Сондықтан, барлық  материалдан    ерекше   қайталанбастай   дүние  жасауға  болады.


             Құрметті  оқырман,  егер   сіздің   үйіңізде   ерекше   бақ   мүсіні   болса,  редакциямызға  хабарласып,   хат жазыңыз. Мүмкін,  сіздің  шебер қолыңыздан  шыққан  композицияңыз  басқаларға  әсер етіп, шабытын оятар!