«Робототехниканың даму динамикасы және болашағы»тақырыбында дәріс

«Робототехниканың даму динамикасы және болашағы»тақырыбында дәріс
жеке
блог

Алматы технологиялық университетінің, Өндірістік үдерістерді механикаландыру және автоматтандыру кафедрасының оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі Жұмахан Нұржан Бейбітұлы  Дулати университеті «Автоматика және телекоммуникация» кафедрасының студенттеріне «Робототехниканың даму динамикасы және болашағы» тақырыбында онлайн дәріс өтті. Дәріс барысында робототехниканың пайда болуынан бастап, бүгінге дейін анализ жасалды. Қазіргі таңдағы өнеркәсіптегі роботтардың кинематикасы мен динамикасы, құрылым қызметтері толық қарастырылған. Сонымен қатар роботтар және робототехникалық жүйелер мамандығы жайлы толық мәліметтер берілді.

Студенттердің робототехникаға қызығушылығы мен студенттік робототехника олимпиадалардағы жобалары жайлы да сөз қозғалды. Білімгерлерге робототехника мен робототехникалық жүйелер, мехатроника және жасанды интелект бағыттары бойынша қосымша білім алу үшін пайдалы сілтемелер берілді.

Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарына толыққанды жауап берді.