Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Чемпиондарға мың тағзым!

Чемпиондарға мың тағзым!

Чемпиондарға мың тағзым!

     ...Лондон Олимпиадасының чемпиондарына бас идім! Не деген бақыт Құдай-ау! Құдайға мың шүкір, осындай жарқын жетістіктерге куә қылған біздерді. Бұл күнге жеткен де бер, жетпеген де бар білеміз. Кім қуанбай жатыр, кім мақтанбай, кім мадақтамай жатыр біздің Олимпиада қаһармандарын?! Құдіреті биік көк байрағым көкке көтерілгенде, айбыны асқақ Әнұраным шырқалғанда жүрегім жарылуға шақ қалып, көздің жасы мөлт-мөлт етіп тоқтаусыз ағады, шіркін! Бақытымызды тасытты ғой, тасытты жұдырықтай жүректері елім деп соққан Зулфия мен Майя қыз, Светлана мен Ольгалар һәм Илья мен Александрдай ағамыз. Олар нағыз қаһармандар. Ел тарихында алтын әріппен аты қалатын құрметтілер!
    Ел намысы үшін жан алысып, жан беріскен текетіресте қалай өнер көрсеткенін таңдай қағып тамашаладық. Салмағын екінің бірі еңсере алмайтын зілтемірді бойынан асырып, қалт етпей биік ұстағанда талай рекордтарды жаңартып, қуанышымызды еселей түскен қыздарымыз бен Екі Дүркін Олимпиада чемпионы атанған Ильямызды қалай мақтасақ та, қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Талай биікті бағындырып, Олимпиада алтынымен спорттағы мансабына нүкте қойған Винокуров пен Ольга апасының жетістігін 12 жылдан кейін қайталаған Ольга Рыпаковалар абыройымызды тасытқан абзал азаматтар. Біз мақтанамыз осылайша, олар қалай елді сүйсе, біз оларды миллион есе құрметтейміз. Олар біздің патриот тұлғаларымыз. Ильядан үйрену керек отансүйгіштікті. Былтыр ғана ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына тамаша тарту жасағанын білесіздер. Сондағы киімі 20 жылдыққа арналып тігілген болатын, ал күні кеше жарысқа шыққанда, ел байрағының үлгісін үстіне қондырыпты. Одан сайын тартымды көрінді дүркін-дүркін чемпион атанғанда.
    Көңілімізден кетер емес, шат-шадыман күйге бөлегені спортшыларымыздың. Ұйқыдан қалдық, «алтын», «алтын» деп ұрандап. Ал, кешелі бері «Илья батыр елге келеді, күтіп алайық жиналып!» деп твиттерлік ағайынның алақайлап жатқанын көріп, әттең Алматыға жол тартсам ғой деп армандаймын. Тарихи сәтті көргім келеді көзбен, сезінгім келеді алып чемпионның елге келгендегі сезімін. Бірақ жаңалықтан, интернет порталдардан қалт жібермей көру бақытын ғана қанағат етемін.
      Құрметті алматылықтар, құрметті достар! Ел еркесін күтіп алу рәсімінен қалмауға тырысыңыздар. Чемпиондардың әр қазақтан құрмет көргені артық етпейді. Ал, біз ауылдағы ағайын оларға рух сыйлауға алаңға шығып, қолдау көрсететін боламыз.
       Ел еркелері елге аман-есен оралсын деп, Алладан ақ жол тіледік!
Чемпиондардың жеңісі басқа спортшыларымызға жұғысты болғай!                                       АЛТЫН КӨБЕЙСІН!

1727 19
Рейтинг: +4

Жазылған уақыты: 06 тамыз 2012, 13:20
Тегтер: Лондон, Қазақстан, Алматы, алтын, медаль, чемпион
Пікірлер
+0
06 тамыз 2012, 13:40

Жүрек жарылардай қуанышты сәттер... Қуаныштың жастары... Тіл-көзден аман болғай! Елінің мерейін тасытқан ұл-қыздарымызды бағалай білейік.

+0
06 тамыз 2012, 13:42

ия, ендігі міндет -бағалау!!!

+0
06 тамыз 2012, 13:44

Көбейсін! Көбейсін! Ел қоржынындағы алтындарға деген қуанышымды сөзбен атйып жеткізе алмаймын, есесіне ол қуанышты әрбір жеңістен соң орындалатын әнұранмен көк тудың көтерілгенін көрген кездегі көз жасым жеткізе алатын шығар

+0
06 тамыз 2012, 13:44

Енді жаны да, жүрегі де, қаны да Қазақ ұлдары алтын алса деп тілеймін

+0
06 тамыз 2012, 13:52

Бүгін сынға түсетін спортшылардың асығы алшысыннын түссін дейік!

+0
06 тамыз 2012, 13:46

Күтіп алу үшін ат терлетіп Жамбыл өңірінен келмек ойың бар ма?!

+0
06 тамыз 2012, 13:51

))түнімен "барсам" деген ой болды, ужас, мен желікпемін сондай, кешке өзіміз де ұйымдастырамыз іс-шара))

+0
06 тамыз 2012, 13:55

Аааа, жұлқынып тұрғанына қарап, келіп қала ма екен деп қалдым. Мына жақтан Илья келіп, мына жақтан сен келіп, кімді қарсы аларымды білмей қалмайын

+0
06 тамыз 2012, 14:03

:lol: :lol: сен қыз бар ғой, өлтіресің бір күні))

+0
06 тамыз 2012, 16:45

Қара қазақтың жеңісі енді жетпей тұрғаны...

+0
06 тамыз 2012, 16:46

Дәл айттың

+0
06 тамыз 2012, 17:33

Құдай қаласа, аламыз!

+0
06 тамыз 2012, 17:13

Осы Олимпиада Қазақстанға үлкен пиар болды!

+0
06 тамыз 2012, 17:33

Қазақстан жұлдыз!

+0
07 тамыз 2012, 11:21

Мен де Ильяны күтуге барам деп қоймап едім, барғанда аяқ астына қалып өледі екенмін ғой :) Басымды жерге дейін ием чемпиондардың алдында!

+0
07 тамыз 2012, 16:32

ия, кеше талай адам аяқ астында қалған шығар :lol:

+0
09 тамыз 2012, 17:07

Бәрін теледидардан біліп отырмын :) Журналистердің өзі әрең жақындады.Басқалары расында аяқ астында қалатындай

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев