Тәжірибеңмен бөліс
жеке
блог

Тәжірибеңмен бөліс

    Жапондық әлеммен танысып көріп пе едіңіз? Жапония деп аталатын Күншығыс елін естісеңіз ойыңызға ең алдымен не түседі? Әрине, біз үшін, таңсық дүние болып есептелінеді. Сол үшін де,  алтынмен тең бір жылдық естен кетпейтін тәжірибеммен бөліскім келеді. Арман қуған жас студент, мен үшін, Жапониядай әлемді көру орындалмастай арман көрінді. Бірақ, сенімділік болса, мақсатың айқын, арманың асқақ болса барлығына қол жеткізуге болады.

    Жапонияға баруға мүмкіндік берген ҚазҰУ болатын. Қазақстандағы ең престиж университет болғандықтан, жол бірден ашылды. Жапониядағы бір жылдық өмір қалай өтті, не үйрендім деген сұрақтар туындайды. Жапониядан ең бірінші үйренгенім – сыйластық пен тазалық. Көшелерінде бірде бір қоқыс көрмейсіз, ең лас ауданы дегеннің өзінде жерден ештеңе таппайсыз. Қоқыстарды арнайы сорттайды және оған бүкіл халық үйренген, әрине өз ережелеріне мен сияқты шетелдіктерді де бағындырады. Себебі, ережеге бағыну - әр Жапонияда тұратын азаматтың парызы. Біз Қазақстан елі Жапония тәрізді елімізді таза ұстауға қауқарымыз жетеді емес пе? Ауаны қоқыстармен ластау арқылы денсаулығымызға кінәрат түсіреміз, ал жапондықтарда ондай мәселе жоқ, сондықтан да болар ең ұзақ жасайтын ел.    

     Сыйластықты не үшін атап өттім? Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету деп Конфуций ілімін әлі ұстанатын Жапония елі болып есептелінеді. Жай ғана мысал ретінде кезекке тұруды айта өтейік. Тек арнайы сауда орындарында ғана емес, қоғамдық көлікке міну үшін де кезекке тұрады. Және бәрі өз орнымен, ешқандай айқай шусыз орын алады. Себебі, халық дағдыланған. Әр халықтың өзіндік ерекшелігі болады. Оны тәжірибе ретінде қолданатын болса ғана әр ел жан-жақты дами алады. Біз, қазақстандықтар, барлығын меңгере отырып, ел патриоты ретінде еліміздің дамуына атсалысуымыз керек.

       Сонымен қатар, Жапонияда өткен бір жыл қандай артықшылықтары мен қиындықтарымен есте қалды? Өзім жайлы ақпарат бере өтсем, мен Осака университетінде тарих, мәдениет және тіл білімі кампусында оқыдым. Миноо кампусы деп аталады. Өзіңіз қалаған жаныңызға жақын пәндердің бәрін таңдап оқи аласыз және ғылыми жұмыс жазу да өте маңызды. Сабақтары өте қызық деңгейде өткізіледі. Бастапқы уақытта көп нәрсені түсінбеу, қорқыныш сезімі болады. Бірақ табындылықпен оқитын болсаңыз тез түсініп аласыз. Мұғалімдері барлық жағынан түсіндіріп, жан жақты білікті маман болуыңызға көмектеседі. Мен бір жылда 20 дан аса пәнді оқып шықтым, барлығы өз таңдауым бойынша, және ғылыми жұмыс жаздым. Бұл керемет емес пе? Қалағаныңыздың бәрін оқып, әлемге деген көзқарасыңыз өзгереді.  Барлық сабақтар жапон тілінде өткізілді, ағылшын тілі пәндерінен сабақтарды таңдауға мүлдем болмады. Мен үшін ол үлкен тәжірибе және айтарлықтай сынақ болды.

      Қорытындылай келе, көп сөз - көмір, аз сөз - алтын демекші, осы менің тәжірибем сіздерге үлкен мотивация беретініне сенімім мол!