Ораза Айт-ұлық мейрам!

Ораза Айт-ұлық мейрам!
жеке
блог

 

Ораза айт - Қасиетті Рамазан айының ораза күнінің соңғы күнінен кейінгі және Шәууәл айының бірінші күнгі мұсылмандардың маңызды діни мейрамы. Ислам дініндегі  екі айт мейрамының бірі. Бұл күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен айт намазын оқиды. Мұсылмандар оразадан кейін ауыз бекітпейтін ең алғашқы күн. Отыз күн оразада жасаған құлшылық ғибадаттан кейін мұсылман жұртшылығының бір сәт үзіліс алып, мерекелік көңіл-күйде Алланың сансыз нығметтеріне ой жүгіртетін кезі. Мәртебесі биік, барша мұсылман қауымына ортақ ұлық мейрам.

       Біз қазақ халқында да бағзы заманнан айт күндері қырық немесе жетпіс үйге айттап кіріп шығу керек деген дәстүр бар.  Бұл қанға сіңген қонақжайлылықты, қазақ халқының ақжарма, кең пейілдігінен туындаған ізгі салт. Отыз күнгі ораза мұсылмандарды тақуалыққа баулыса, айт күнгі қуаныш күйбең тіршіліктегі өкпе-назды ұмыттырып, адамдардың бір-бірінің босағаларында көрісіп, дәм татып, мұсылмандардың бауырмалдығын күшейте түседі.Осынау ғасырлардан бері,  ұлық мереке біздің ұлы даламызда аса жоғары бағаланып, осы уақытқа дейін ұлықталады. Одан бөлек, бұл мейрамда әрбір мұсылман орындауға міндетті амалдар бар. Алғашқысы, пітір садақасын беру.Пітір – оразаның қате-кемшіліктерін толтыратын, Құдайға шүкіршілік ету үшін берілетін және кедейлерді қуантатын садақа. Бүкіл ел қуанып, тойлайтын мейрам күнінде пітір садақалары арқылы қажетті нәрселерін алып, кедейлер де жұрт қатарлы қуанып шаттанады. Пітір садақасы  Рамазан айы басталғаннан бастап айт намазына дейінгі аралықта берілу қажет. Егер пітір садақасын бермегендер болса, Айт намазынан кейін берілген пітір садақа жәй садақа болып есептеледі. Екіншісі, тәкбір айту. Тәкбір - Аллаһ Тағаланы ұлықтау дұғасы. Тәкбір " Аллаһу әкбар" сөз тіркесімен айтылып, мұсылманның ғибадатқа, құлшылыққа, белгілі бір іс-әрекетке кірісер алдындағы ауызға алатын сөзі. Үшінші, Айт намазын оқу.Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)өсиетiнде: «Айт күнi бiрiншi орындайтынымыз – намаз оқу», – делiнген. Айт намазы дiнiмiзде уәжіп амал болғандықтан, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмiрiнде оны бiр рет те қалдырмай оқыған. Ислам кез келген мерекенiң ғибадаттармен өткерiлуiн құптайды. Сондықтан айт мерекесі арнайы ғибадаттармен басталады.Төртінші, намазға шығар алдында құрма жеп шығу.Сүннет бойынша мұсылман адам намазға шығар алдында құрма дәмінен ауыз тиюі керек. Бұл пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оразаның аяқталып, айт күндері басталғаны жайында берген белгісі.Бесінші, жаңа  киім кию, ғұсыл құйыну, әтірлену.Бұл ұлық мерекеде мұсылман адам шамасы келгенше мешітке жаңа киім киіп, әтірленіп барған абзал. Ислам діні тазалық діні, сол себептен, мұсылман бауырлар өзіне ғана емес және де жанындағы адамдарға жағымды болуы қажет. Алтыншы, қуаныш, шаттық көрініс табуы. Ораза айт кезінде, әрбір мұсылман адам, кішісі мен кәрісі, жасы мен ересегі, осы мейрамды жән-тәнімен қабылдап, сезіне білуі қажет. Рамазан айыннан шығып, келесі Рамазан айы туғанша асық болуы керек. Жетінші, Ораза және Құрбан айт күндері ораза ұстауға болмайды.Бұл күндері бастапқыда айтып кеткендей, мұсылман жұртшылығы құлшылық пен қатар, қуаныш мейрамын тойлата білуі міндеттеледі. Сегізінші, мұсылмандардың бір-бірін құттықтауы.Намаз біткен соң мұсылмандар қол алысып, төс қағысып, бір-бірін Айт мерекесімен құттықтайды, жақсы тілектерін айтады. Ренжісіп қалған ағайын-туыс, жора-жолдас бір-бірінен кешірім сұрап жарасады. Ал әйелдер қауымы үйде қазан асып, дастарқан жайып, айттық шай әзірлейді. Көрші-қолаң бір-бірінің үйіне кіріп дәм ауыз тиеді, шаңырақ иесіне аман-саулық тілеп, айтпен құттықтайды.Осылайша, Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт – мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың мейрамын мұсылман жұртшылығы осылай қарсы алады.Ораза айт мерекесінде бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын кез.Осы шақта, Алладан мол сауапқа кенелуін тілеп, дұға-тілек қылатын ғибадат кезін бітірген адамдарға сол күнді көруге нәсіпеткен ұлық мереке.

             Ұлық мерекеде, әрбір мұсылман қауымының тілеген дұға-тілектерін Алла қабыл етіп, сауабын бол қылсын.

                                                            Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Уверситеті

                                                            Дінтану мамандығының 3-курс студенті        

                                                            Тұрғанбек Мейірбек

                                                           Жетекші: аға оқытушы, PhD Мұқан Нұрзат