Қозы Көрпеш - Баян Сұлу
жеке
блог

Қозы Көрпеш - Баян Сұлу

әл- Фараби атындағы ҚазаҰУ, Ақпараттық технологиялар факультеті, Информатика кафедрасында ашық кураторлық сабақ өткізілді. 15 сәуір Қозы көрпеш Баян сұлу - ғашықтар күніне орай Zoom платформасында ашық кураторлық сабақ өткізілді. 

Сабақта Қозы Көрпеш — Баян Сұлу жырының негізгі идеясы туралы айтылды.

Қозы Көрпеш — Баян Сұлу — XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро-эпостық жыры.Қозы Көрпеш — Баян Сұлу — XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро-эпостық жыры.

Поэма Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындардың орындауында ауызша таралған. 20-ға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі - Жанақтың нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісалин (1834), А.Фролов (1841), Шоқан Уәлиханов (1856). Жырдың мазмұнын М.Путинцев орыс тіліне аударып бастырды (1856), кейін В.Радлов "Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері" жинағының 3-томына еңгізді (1870). Жалпы жыр туралы көпттеген жазбаларды табуға болады. 

Сабақтың соңында айтылған мәліметтер бойынша сұрақтар қойылып студенттер жауап берді. 

Өмірдің мәні адалдық пен махаббатта екенін студенттер қорытынды ретінде айтып түйіндеді.




Жұлдызды блогтар